5 ел қарулы күштері жазда Қазақстанда жаттығу өткізеді
Халықаралық жаттығу Оймаша алаңы мен Каспий теңізі жағасындағы Тоқмақ мүйісінде өтеді.
2125302
Әзербайжан, Қазақстан,Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан қарулы күштері бірлескен жаттығу өткізеді.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жариялап, 5 ел қарулы күштерінің шілде айында Қазақстанда жаттығу өткізетінін білдірді.
«Бірлестік-2024» атты халықаралық жаттығу Оймаша алаңы мен Каспий теңізі жағасындағы Тоқмақ мүйісінде өтеді.