Әлиев батыс елдеріндегі Исламға қарсы тенденцияларды сынады

Әлиев исламофобияның өздерін демократиялық деп санайтын кейбір батыс елдерінің мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігіне айналғанын түсіндірді.

2112869
Әлиев батыс елдеріндегі Исламға қарсы тенденцияларды сынады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев батыс елдеріндегі Исламға қарсы тенденцияларды сынады.

Ильхам Әлиев ел астанасы Бакуде өткен «Әртүрлілікті қорғау: 2024 жылы исламофобиямен күресу» атты халықаралық конференцияға қатысушыларға жолдау жолдады.

Жолдауда Әлиев әлемде исламофобия тенденцияларының тез артып, мұсылмандарға қарсы кемсітушілік пен ашық өшпенділіктің күн өткен сайын кеңейе түскеніне куә болғандарын түсіндірді.

Исламофобияның өздерін демократиялық деп санайтын кейбір батыс елдерінің мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігіне айналғанын түсіндірген Әлиев Құран Кәрімді өртеу, Мұхаммед пайғамбардың карикатураларын жариялау сияқты қорлау әрекеттерінің сөз бостандығы ретінде көрсетілгенін еске салды.

Әлиев «Франция өзінің дәстүрлі жаңа отаршылдық саясатына қоса, мұсылмандарды ашық басып-жаншу және кемсіту саясатын жүргізіп, Исламға қарсы түрлі науқандар ұйымдастыруда»деді.

Әлиев кейбір жаһандық ақпарат құралдарының да осы ағымға түсіп, Исламға қарсы әрекеттерге барғанын және Исламды терроризммен бірдей етіп көрсетуге тырысқанын атап көрсетті.

Әзербайжанның да исламофобиядан зардап шегетін ел екеніне назар аударған Әлиев «ХХІ. ғасырда исламофобия, шетелдік дұшпандығы және нәсілшілдікке орын болмауы керек» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар