Ильхам Әлиев 11-ші Жаһандық Баку форумының ашылуында сөз сөйледі

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев «Біз Армениямен бұрынғыдан да татулыққа жақынбыз» деді.

2115475
Ильхам Әлиев 11-ші Жаһандық Баку форумының ашылуында сөз сөйледі

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ел территорияларын басқыншылардан құтқару арқылы тарихи әділеттілікке қол жеткізгендерін білдірді.

Әлиев «Біз Армениямен бұрынғыдан да татулыққа жақынбыз. Оңтүстік Кавказ ешқашан бейбітшілікке мұндай  жақын болмаған» деді.

Ильхам Әлиев ел астанасы Бакуде өткен 11-ші Жаһандық Баку форумының ашылуында сөз сөйледі.

Әзербайжан президенті өз сөзінде 2-ші Қарабақ соғысына (27 қыркүйек – 10 қараша 2020 жылы) дейінгі үдеріске, Әзербайжан территорияларының жылдар бойы армян басқыншылығында қалуына және келіссөздер процесінің сәтсіз аяқталуына  тоқталды.

Әзербайжанның 2-ші Қарабах соғысы және қыркүйектегі лаңкестікпен күрес операциясымен барлық жерінде егемендікке қол жеткізгенін еске салған Әлиев «Бүгін біз Армениямен бұрынғыдан да татулыққа жақынбыз. Оңтүстік Кавказ ешқашан бейбітшілікке жақын болған емес. Бұл 2-ші Қарабақ соғысының арқасында болды» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар