Әзербайжан: «Армения шекарада әскери болмысын күшейтуде»

Әзербайжан Армения армиясының шекарада әскери күш жинағанын хабарлады.

2122606
Әзербайжан: «Армения шекарада әскери болмысын күшейтуде»

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде соңғы кездері екі ел шекарасының әртүрлі аймақтарында Армения әскерінің қозғалысын арттырып, әскери болмысын күшейткені байқалды.

Арменияда Әзербайжанды соғыспен қорқытқан кекшіл күштердің белсенділік танытқаны, шабуылдаушы және арандататын хабар санының көбейгеніне назар аударылды.

Мәлімдемеде «Армения армиясының кез-келген әскери арандатушылық әрекетіне Әзербайжан әскері табандылықпен тосқауыл қояды. Жағдайдың шиеленісуі және ықтимал арандатушылықтарға толығымен Армения мен оның жақтастарының жауапты екенін тағы да мәлімдейміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар