Әзербайжан-СКТР Парламентаралық байланыстар жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінде Әзербайжан-Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Парламентаралық байланыстар жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

2125410
Әзербайжан-СКТР  Парламентаралық байланыстар жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Ұлттық Мәжілістің кезекті жалпы ассамблеясы отырысында талқыланған «Әзербайжан-СКТР Парламентаралық байланыстар жұмыс тобын» құру туралы шешім жобасы бірінші дауыс беруде қабылданды.

Әзербайжан-СКТР Парламентаралық байланыстар жұмыс тобының төрағасы болып сайланған депутат Джаваншир Фейзиев бұл шешімді «тарихи қадам» деп сипаттады.

Түрік мемлекеттерінің әлемдегі геосаяси шындыққа сәйкес ұстанған саясаттарына назар аударған Фейзиев «Қазіргі жаһандану процесінен  дайдалану  және түрік өркениетінің болашағын, оның әлемдік деңгейдегі  орны мен рөлін қамтамасыз ету үшін түрік мемлекеттері арасындағы интеграциялық үдерістері өте маңызды. СКТР мен Әзербайжан парламенттік деңгейде ынтымақтастық негізінің қалануы, түрік мемлекеттерінің интеграциялық үдерісіндегі ең сәтті қадамдардың бірі болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар