Тарихи түбекте орналасқан Топкапы сарайы -1

Капитанның борт журналы - 7

2129819
Тарихи түбекте орналасқан Топкапы сарайы -1

Тарихи түбекте орналасқан Топкапы сарайы -1

Саяхаттарымызда бізді жалғыз қалдырмайтын құрметті жолаушылар.  Қайығымызға қош келдіңіздер.

Бір мезгілден бері сіздермен бірге Стамбулды танып жүрміз.  Осы қалада көретін,  қыдыратын жерлер өте көп. Стамбулға келген туристер көріп кетуге асығатын жерлердің басында Айя-София мен Топкапы сарайы келеді.  Сіздер де осы керемет екі ғимаратты қашан көреміз деп асыға күтіп отырған боларсыз. Осы екі ғимарат бір-біріне өте жақын.  Бірақ екеуін бір күнде аралап шығу мүмкін емес.  Біз бүгін Топкапы сарайына барамыз.  Осы керемет ғимаратты бір күнде аралап бітіре аламыз ба? Көрелік.

**

Топкапы сарайы Босфор бұғазы және Халич арасындағы Тарихи Түбек деп аталатын аймақта орналасқан. Стамбулды жеңіп алғаннан кейін Фатих Сұлтан Мехмет падиша осы жерде жаңа сарай салғызады.  Топкапы сарайының сол кездері аты – Жаңа сарай.  Кейінгі падишалар қосымша ғимараттар салғызады және сарай Топкапы деп аталып кетеді.

Топкапы сарайы Османлы империясының төрт жүз ғасыр бойы әкімшілік орталығы болады.  Падишалар әрі өмір сүретін,  әрі мемлекетті басқаратын бір жер.  Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген корольдер,  қолбасшылар, елшілер мен саудагерлер осы сарайда падишаның қабылдауында болған.

Топкапы сарайының үлкен бақшалармен қоршалған, кезегімен ішінен өтетін төрт ауласы бар. Жоғарыда да айтып кеткенімдей, сарай бір ғана ғимараттар тұрмайды.  Бұл – ғимараттар кешені. Өте үлкен, көркем және құпияға толы.

Қызықты хикаялары, шытырман оқиғалары және ескі дәуір ғимараттарының қалдықтарымен бір дәуірге таңба басқан, Османлы мемлекетінің жүрегін аралауды басты қақпадан басталық.

Топкапы сарайына Айя-София мешітінің дәл алдындағы қақпадан кіреміз.  Бір кездері сарайға келген қонақтар да біз секілді осы қақпадан қадам басқан сарайға. Кіре берісте «екі құрлықтың сұлтаны және екі теңіздің императоры» деген сөзді көретін еді маңдайшадағы. Бұл бірінші қақпа бірінші аулаға ашылады.  Осында Византия Империясы дәуірінен қалған Айя-Ирини шіркеуі бар. «Қасиетті бейбітшілік» деген мағынаға келетін Айя-Ирини Византияның тұңғыш шіркеуі ретінде белгілі. Бұл жер сонымен бірге Османлы мемлекетінің тұңғыш мұражайы болды.  Шіркеу мешітке айналдырылмаған, соғыстарда қолға түскен қарулар сақталатын жер ретінде қолданылған.  Қырық жылдан астам уақыттан бері де керемет акустикалық ерекшелігіне орай классикалық музыка концерттерінің бас тартылмас мекені ретінде қызмет атқарып келеді.

Осы жерден екінші аулаға өтеміз.  Осы аулада мемлекет басқарылған мекендер орналасқан. «Әділет алаңы» деп те аталған ауланы мерекеде және басқа да рәсімдерде қолданған.  Екінші ауладағы назар аударатын ғимараттардың бірі – конус төбелі «Әділет мұнарасы». Сонымен бірге 300 адам қызмет еткен асханалар да Әділет мұнарасы секілді назар аударады. Бір-бірінен дәмді тағамдар дайындалған осы асханалар алпауыт мұржалары және керемет Қытай фарфорларымен келушілердің назарын өзіне аударады. Екінші аулада айырықша тек падиша мен оның жақын қызметінде болған адамдар мінген аттар күтілген қора орналасқан.

Кезекте үшінші аула бар.  Бұл жер сарайдың ішкі жағы деген мағынаға келетін «Эндерун ауласы». Бұл жерде падиша уақытын өткізген. Шетелдік елшілерді қабылдаған бөлме мен сарай қазынасы және Қасиетті аманаттар бөлімі орын алған жерлер де осы аулада.

Топкапы сарайы жасылдар арасында орналасқан керемет ғимараттары,  шебер әшекейлері және коллекцияларымен бүгін әлемнің ең үлкен сарай мұражайлары арасында өз орнын алады.  Әрине осы көздің жауын алатын сарайды бір күнде аралап бітіру мүмкін емес.  Көптеген батыстық саяхатшының арманы болған,  өзі туралы жүздеген хикая баяндалған Харем бөлімін, баға жетпейтін қазыналарын және қасиетті аманаттарын келесі саяхатымызда көреміз.



Ұқсас жаңалықтар