Жүзім бекмесінің пайдалары

«Денсаулық зор байлық» - 54

2035142
Жүзім бекмесінің пайдалары

Жүзім бекмесі құрамындағы антиоксиданттар мен минералдар тұрғысынан өте маңызды қоректік көз болып табылады.

1. Депрессияға қарсы жүзім бекмесі

Үнемі тұтынылатын болса, бекмес құрамындағы магнийдің арқасында депрессия мен мазасыздықты жақсартуғa ықпал етеді. Жүзім бекмесінде көбірек болған  магний жүйкені тыныштандырады және бақыт гормоны деп аталатын серотонин өндірісін арттырады. Бұл психикалық денсаулыққа елеулі үлес қосады. Магнийдің ұйқыны реттеу қабілеті де психикалық денсаулықты жақсартуға маңызды үлес болып табылады.

2. Сүйек және тіс саулығын күшейтеді

Жүзім бекмесі кальцийге бай. Кальцийдің адам денсаулығы үшін маңызы өте зор. Адам ағзасындағы ең көп минерал болып табылатын кальцийдің көпшілігі біздің сүйектеріміз бен тістерімізде кездеседі. Кальций - әсіресе остеопорозға, яғни сүйек резорбциясына қарсы тиімді минерал. Жүзім бекмесі сонымен қатар барлық сау сүйектерді қорғауға көмектесетін темірдің, селеннің және мыстың жақсы көзі болып табылады

3.Қан қысымы мен жүрек денсаулығын реттейді

Бекместегі калий қан қысымын теңестіруге көмектеседі. Калий бір жағынан жоғары қан қысымын тудыратын натрийді денеден шығаруға ықпал етсе, екінші жағынан тамырларды босаңсытып, қан қысымын төмендетеді.

Сондай-ақ калий жүрек денсаулығын сақтауға көмектесетін жақсы элемент болып табылады.

4. Ішек денсаулығыңызды реттейді

Жүзім бекмесі - іш қатуға қарсы тиімді бір тағам.

5. Қатерлі ісік қаупін азайтады

Табиғаттағы ең күшті антиоксиданттардың бірі көбінесе қызыл жүзімде кездеседі. Сондықтан бекмес антиоксидантқа бай тағам болып табылады. Бұл зат рак клеткаларының бөлінуіне, көбеюіне және таралуына жол бермеуге көмектеседі. Сонымен қатар бұл белсенді зат онкологиялық ауруларды емдеу кезінде пайда болатын жанама әсерлерді азайтады деп есептеледі.

6. Теріңіздің саулығын жақсартады

Антиоксиданттар тері денсаулығына, сондай-ақ қатерлі ісікке оң әсер етеді. Ол теріңізге зақым келтіруі мүмкін бос радикалдарды тоқтату арқылы теріңіздің қартаю процесін бәсеңдетуге ықпал етеді.

7. Темір тапшылығына пайдалы

Жүзім бекмесі құрамында темір болғандықтан оны темір тапшылығына қарсы қолдануға болады.

8. Етеккір алдындағы стресс пен менопауза симптомдарына пайдалы

Жүзім бекмесін тұтыну арқылы қабылданған магний етеккір алдында көрінетін құрысуларды, бас ауруы мен көңіл-күй проблемаларын жоюда тиімді. Етеккір алдындағы стресс кезеңінде байқалатын бұл белгілер менопауза кезеңінде де байқалуы мүмкін. Осы себепті жүзім бекмесі құрамындағы магний менопауза кезіндегі әйелдерді мазалайтын әсерді азайтуға ықпал етуі мүмкін.

9. Қабыну ревматизміне (ревматоидты артрит) жақсы

Жүзім бекмесіндегі антиоксиданттар қабынуға қарсы тиімді. Осы себепті бекмес тұтыну әсіресе қабыну ревматизміне жақсы әсер етеді.

Жүзім бекмесін қалай тұтынуға болады?

Жүзім бекмесін үнемі тұтынатын болса, бұл өте пайдалы бір өнім. Күн сайын таңертең 2 ас қасықтан тұрақты түрде ішу ұсынылады. Осылай жүйелі түрде тұтынған кезде адам ағзасына қажетті минералды заттарды қанағаттандыратыны белгілі.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар