Бамия тұқымдарының пайдасы қандай?

"Денсаулық зор байлық" - 62

2060590
Бамия тұқымдарының пайдасы қандай?

Бамия тұқымы дегеніміз не?

Құлқайырлар тұқымдасына жататын өсімдігінің жемісі. Қазір жұртшылық арасында жиі айтылып жүрген, «бамия» өсімдігінен алынатын «бамия тұқымы» талшыққа бай. Бамия тұқымдары - жеміс піскеннен кейін пайда болатын кішкентай, қою қызыл немесе қоңыр тұқымдар. Бамия тұқымдары жемістерден бөлініп, кептіріледі.

Бамия тұқымдарының пайдасы қандай?

1. Иммундық жүйені нығайтады

Дұрыс тамақтануға үлкен үлестері бар және ми жасушаларының тірі қалуы мен қалпына келуіне көмектесетін бамия тұқымы құрамындағы В дәруменінің арқасында ұмытшақтықты болдырмауда тиімді. Бамия тұқымы иммунитетті күшейту арқылы ағзаның аурулармен күресуінде маңызды рөл атқарады.

2. Жүрек қолдаушысы

Магнийдің қан қысымын төмендетуге және жүрек денсаулығына әсері белгілі. Бамия тұқымдары магнийдің көзі болып табылады. Магнийге бай тағамдарды тұтыну инфаркт және инсульт сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға ықпал етуі мүмкін.

3. Холестеринді теңестіреді

Холестеринді төмендететін тағамдардың қатарына жататын бамия тұқымының құрамында ас қорыту кезінде ағзаға сіңірілуінен гөрі шығаруды қамтамасыз ететін гель тәрізді қалың зат бар. Осылайша бамия тұқымдары холестеринді төмендету рөлі атқарады.

4. Көздің денсаулығына жақсы әсер етеді

Құрамындағы А дәрумені мен бета-каротиннің арқасында көзге байланысты аурулардың алдын алу арқылы торды қорғауда маңызды рөл ойнайды.

5. Бүйрек денсаулығын қорғайды

Бамия бүйрек ауруларынан қорғайтын әсерге ие. Бамияны әсіресе қант диабетімен ауыратындар бүйректің зақымдалуына қарсы тұтынуға болады. Екінші жағынан өкінішке орай бамиядағы оксалат мөлшері бүйрек тастарының пайда болуына әкелуі мүмкін.

6. Қатерлі ісікке қарсы иммунитетті нығайтады

Бамия тұқымдары қатерлі ісікке қарсы тиімді, иммунитетті күшейтеді және рак клеткаларының пайда болуына жол бермейді. Иммундық жүйеге өте пайдалы бамия тұқымдары зиянды жасушалардың ағзаға енуіне және олардың тарауына жол бермейді.

7. Шиеленіс пен стресті болдырмайды

Ұмытшақтық және зейінді шоғырландыру проблемасы барлар мен ұйқысыздық және стресс сияқты проблемалары бар адамдар бамия тұқымын өздерінің тағам тізіміне қосуға болады.

8. Ішектерді тазартады және салмақ тастауға тиімді

Бамия тұқымы метаболизм жылдамдығын арттырады, өйткені ол ішектерді босаңсытуда тиімді. Талшықты құрылымына байланысты тұтынылғанда тоқтық сезімін тудыратын бамия тұқымдары тез салмақ тастауға тиімді екені белгілі. Тоқтыққа қоса, төмен калориялық құндылығы бар бамия тұқымы дұрыс салмақ тастауға да көмектеседі.

9. Буын және тізе ауырсынуына арналған шөп ерітіндісі

Әсіресе құрамындағы К дәруменінің арқасында сүйек денсаулығын жақсартуда және сүйектерді қалпына келтіруде тиімді. Үнемі тұтынылатын бамия тұқымдары остеопороз және сүйек аурулары қаупін азайту арқылы сүйек денсаулығын қорғайды.

Әсіресе қартайған сайын тізе аймағында сұйықтықтың жоғалуын болдырмау үшін бамия тұқымы таңдалады. Сондықтан тізе ауруы бар адамдар бамия тұқымын емде тұтынады. Тізе ауруы бар адамдар бамия тұқымын шикі, пісірілген немесе ұнтақ түрінде қолдана алады.

9-10 бамия тұқымын суға малынғаннан кейін тұтынуға болады. Шай ретінде демдеп немесе йогуртпен араластырып жеуге болады. Оған қоса ұнтақтап, тамаққа да қолдана аласыз.

10. Бауырдың денсаулығын сақтайды

Бамия тұқымы бауырды қорғайды және оның жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Әсіресе шөп ерітіндісін іздегендер бамия тұқымын тұтынғанда бауыр ауруларының алдын алады.

11. Қант диабетімен ауыратындарға қолайлы

Бамия тұқымы құрамындағы антиоксиданттың арқасында инсулинге төзімділікті төмендетуге және қандағы қантты реттеуге көмектеседі.

12. Демікпеге қарсы табиғи шешім

Бамия тұқымынан алынған тұқымдарды ұнтақтап, бал мен зәйтүн майын қосуға болады. Бұл паста тәрізді қоспа бронхит пен астманың алдын алуда тиімді.

Бамия тұқымын қалай тұтыну керек?

Бамияда кездесетін ұсақ дәнектер «бамия тұқымдары» деп аталады. Бамия тұқымын дән ретінде жеуге болады немесе ұнтақтап тағаммен бірге тұтына аласыз. Бамия тұқымын ұнтақтағанда, оған ыстық су қосып, қайнатып, ішуге болады. Сондай-ақ йогурт және т.б. өнімдермен де жеуге болады.

Сонымен қатар 9-10 дана бамияны бөлме температурасындағы суға салып тұндырған соң ішуге болады.

Бамия тұқымын аллергиямен ауыратындар, созылмалы ауруы барлар, күнделікті тұрақты түрде дәрі қабылдайтындар және жүкті әйелдер дәрігермен кеңесіп тұтыну керек.

К дәрумені қанның ұюына көмектеседі, ал бамия құрамындағы жоғары К дәрумені қанды сұйылтатын дәрілермен әрекеттесуі мүмкін. Қанды сұйылтатын препараттарды қолданатындар диетаға бамияны қоспас бұрын мұқият болуға тиісті.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар