Озон терапиясы

«Денсаулық зор байлық» - 64

2066096
Озон терапиясы

Озон бір емдеу құралы ретінде де қолданылады. Озон терапиясы бір ауруды немесе жараны емдеу мақсатымен денеңізге озон газын қолдануды білдіреді. Озон газы үш оттегі атомынан (O3) тұратын түссіз газ ретінде белгілі. Оны иммундық жүйені ынталандыру арқылы медициналық ауруларды немесе жағдайларды емдеу үшін пайдалануға болады.

Медициналық озон дегеніміз не?

Озон терапияда қолданылатын медициналық озон әрқашан таза озон мен таза оттегі қоспасынан тұрады. Озон концентрациясы 1-100 мг/мл аралығында өзгеруі мүмкін. Осы салада білім алған дәрігерлер науқастың жағдайы мен медициналық диагнозына сәйкес дозаны анықтайды.

1. Аутоиммундық бұзылыстарға аллергиялар, қабыну ауруларына тиімді.

2. Жараларды емдеу, инфекциямен күресу үшін қолданылады.

3. Вирус, бактерия және саңырауқұлақ ауруларын озонның микробқа қарсы қасиеттерімен емдеуге болады.

4. Метаболизмнің жылдамдығы арттыра отырып, одан көбірек май жағылуын қамтамасыз етеді.

5. Қант диабетімен ауыратын науқастарда ұйқы безінің инсулин өндіретін жасушалардағы зақымдануын қалпына келтіреді. Қант диабетін бақылауға көмектеседі.

6. Дененің серотонин гормоны өндірісін арттыру арқылы депрессиялық белгілерді азайтады.

7. Косметикалық мақсатты қолдануға болады. Қартаюға қарсы әсері бар. Сондай-ақ токсиндерді жоюды жеделдету арқылы детокстық әсер жасайды.

Медициналық озон терапиясының артықшылықтары

• Озон газының вирус пен бактерияға қарсы әсері белгілі. Жараларды тазалауда және бактерия мен вирустардан туындаған ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады.

• Қан айналымын ынталандыратын әсері себепті айналым бұзылған жағдайда да қолданылады.

• Төмен дозада адамның өз қарсылығын арттыруы арқылы иммундық жүйені іске қосады.

• Озон созылмалы қабыну процестерін қамтитын қант диабетін, жоғары холестеринді, жоғары қан қысымын және аутоиммунды ауруларды емдеуде қолданылады.

Озон терапиясының мақсаты дененің функцияларын болуға тиісті деңгейде қалпына келтіру. Қосымша ем ретінде қабылданады. Осы себепті адамның бар ауруы үшін қолданатын медициналық емдеуді ешқашан тоқтатпауы керек. Озон терапиясы бар медициналық емдеуге қосымша ретінде қарастырылуы мүмкін.

Озон терапиясы қалай жасалады?

Озон терапиясы 5 түрлі әдіспен жасалады. Қолдану әдістерінің барлығында озон газын ешқашан деммен жұтуға болмайды.

Қолдану әдістері:

1. Негізгі озон терапиясы: Адамның 50-100 мл қанын алып, озон газымен араластырады, содан кейін қайтарады.

2. Кіші озон терапиясы: Адамның 5-10 мл қанын алып, озон газымен араластырып, содан кейін бұлшықетке енгізіледі.

4. Қаптау: Бұл озон газы орындалатын ағзаға тікелей жеткізілетін жабық жүйе. Ол жаралардың барлық түрлерінде қолданылады. Жараның орналасқан жері озонға төзімді қапшыққа салынып, қапқа озон газы үздіксіз енгізіледі. Озон газы құрғақ теріге сіңбейтіндіктен, өңделетін жерді алдымен озондалған сумен ылғалдандыру керек.

5. Ректальды қолдану: Бұл озон газын анус арқылы қолдану. Ішек ауруы бар немесе қан тамырларына қол жеткізе алмайтын адамдарға артықшылық береді. Қолдану кезінде адам ештеңе сезбейді.

6. Буын ішілік қолдану: Озон газы тікелей буынға енгізіледі. Ол буынға әсер ететін барлық ауруларда қолданылады.

Озон терапиясын кімге жасалмайды?

1. Озон терапиясы ешқашан ерекше фермент тапшылығымен ауыратын «фавизм» науқастарына қолданылмайды. Фавизм бұршақты жегеннен кейін 24-48 сағат ішінде дамитын жедел анемия. Фермент тапшылығы бар адамдар қандағы озон газы тудыратын метаболикалық жолдарды орындай алмайды.

2. Жүкті және бала емізетін әйелдерге, созылмалы алкоголизммен ауыратындарға қолдануға болмайды.

3. Жүкті әйелдер,

4. Жоғары қан қысымы үшін «ACE» ингибиторлары деп аталатын қан қысымын төмендететін дәрілермен ем қабылдағандар,

5. Анемия,

6. Қанның ұюының бұзылуы сияқты қан аурулары,

7. Қалқанша безінің шамадан тыс белсенділігі,

8. Созылмалы және/немесе қайталанатын панкреатит,

9. Жиі қайталанатын бұлшықет құрысулары,

10. Озонға аллергиясы бар демікпемен ауыратын науқастар,

11. Жақында болған инфаркт және/немесе бақылай алмайтын жүрек-қан тамыр аурулары,

12. Жақында қан кеткен адамдарға озон терапиясы қолданылмайды.

Озон терапиясының жанама әсерлері бар ма?

Озон терапиясының белгілі жанама әсері жоқ. Тиісті доза болмаса, емдеу тиімді болмайды. Озон терапиясын бастаған 3-5 сеанстан кейін адам «емдеу дағдарысы» деп аталатын шаршау, бас ауруы және әлсіздік сияқты шағымдарды сезінуі мүмкін. Бұл шағымдар емді жалғастырған кезде жоғалады.

Озон терапиясы қанша уақытқа созылады?

Озонмен емдеудің сеансқа орта есеппен 30-45 минуттық озон терапиясында 6-10 сеансынан кейін ай сайынғы бақылау ұсынылады. Емдеудің басында сеанстар аптасына 2 реттен басталады және ілгерілеген сайын сеанс аралықтары ашылып, айына бір ретке дейін азаяды.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар