Пробиотиктер не істейді?

«Денсаулық зор байлық» - 65

2068979
Пробиотиктер не істейді?

Пробиотик дегеніміз не?

Пробиотиктер – тұтынған немесе денеге қолданған кезде денсаулыққа, әсіресе ас қорыту жүйесіне пайдалы ағзадағы жақсы бактерияларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған тірі микроорганизмдерден тұратын тағамдар мен қоспалар.

Пробиотиктер организмде табиғи түрде пайда болатын пайдалы, тірі ашытқылар мен бактериялардан жасалған. Біздің денемізде үнемі жақсы және зиянды бактериялар болады. Инфекция пайда болған кезде жүйенің теңгерімін бұзатын зиянды бактериялар ағзада көбірек пайда бола бастайды және осы кезде жақсы бактериялар жамандарды жояды және тепе-теңдіктің сақталуын қамтамасыз етеді.

Пробиотикалық қоспалар денеге жақсы бактерияларды қосудың бір жолы болып табылады. Пробиотиктер - дұрыс мөлшерде тұтынған кезде денсаулығымызға оң үлес қосатын тірі микроорганизмдер. Денеміздің энергияны пайдалануын және калорияларды жағуын реттейтін пробиотиктер де салмақ тастауға көмектеседі.

Пробиотиктер не істейді?

Пробиотиктердің негізгі функциясы - дененің қажетінше жұмыс істеуіне көмектесу үшін «жақсы» және «жаман» бактерияларды теңестіру. Ішектің қорғаныс барьерасын күшейтетін пробиотиктер ас қорыту жүйесіне қоса иммундық функцияны қолдайды және қабынуды бақылауда ұстау арқылы дененің денсаулығын сақтайды.

• Пробиотиктер ағзаға кіретін қоректік заттардың қорытылуын қамтамасыз етеді.

• Жаман бактериялардың көбеюіне жол бермей, аурулардың алдын алады.

• Витаминдерді ерітуде тиімді.

• Тамақ арқылы ағзаға түскен зиянды бактериялардың қанға араласуына жол бермейді.

• Дәрілердің ыдырауын және сіңуін қамтамасыз етеді.

• Денеңіздің иммундық реакциясына оң әсер етеді.

Ең жақсы табиғи пробиотиктер

• Боза

• Тархана

• Ашытылған нан

• Кефир

Кефир ас қорыту проблемаларын реттей отырып, инфекциялардан қорғайды.

• Ашытылған қырыққабат

Ашытылған қырыққабаттың құрамында пробиотиктерден басқа талшық пен С және К дәрумендері бар.

• Табиғи үй йогурты

Йогурт пробиотиктердің ең жақсы көзі ретінде қызмет етеді. Иммундық жүйені күшейту және аурулардан қорғау үшін күн сайын 1 тостаған табиғи үй йогуртын тұтыну арқылы жақсы деңгейде пробиотиктерді қабылдап, ауру қаупін азайта аласыз. Антибиотиктерден туындаған диареяны азайтады.

• Ірімшік

Ірімшік денеге қабылданған кезде витамин мен минералдардың сіңуін арттыра отырып, пайдалы бактерия қызметін атқарады. Тағамды қорыту тақырыбында маңызды рөл ойнап, асқазанның жиырылуын болдырмайды.

• Органикалық алма сірке суы

Ашытылған бір өнім алма сірке суы ішекке қолайлы пробиотиктердің қатарына жатады. Осылайша ол ас қорыту жүйесін реттеуге көмектеседі. 

Пробиотиктердің пайдасы

1. Іш өту, іштің желденуі, іш қатуға және іштің кебуіне жақсы

Пробиотиктерді қолдану асқазан мен ас қорыту жүйесіне қатысты мәселелерді жоюға көмектеседі. Ішектегі жақсы және жаман бактериялар арасындағы теңгерімді орнату және пайдалы бактериялардың санын көбейту ас қорыту ферменттерін белсендіреді. Диарея, іш қату, іш желдену және кебуі сияқты мәселелердің алдын алады. Ішектегі теңгерімді орнату үшін жасау керек нәрсе пробиотиктерге бай диетаны құру.

2. Пробиотиктер салмақ жоғалтуды қолдайды

Майы жоғары тағамдар, қант, тәтті тағамдар және тазартылған көмірсуларды тұтыну ішектің бактериялық ортасын бұзады. Жүргізілген ғылыми зерттеулер ішектегі жақсы және жаман бактериялардың энергия теңгерімін қамтамасыз етуде және майлануда ішек қарындағы жақсы және жаман бактериялардың диетадағы майдың сіңуін тоқтатып, оның нәжіспен шығарылуын тездетеді деп есептеледі.

3. Тоқ ішек қатерлі ісігі ықтималын азайтады

Жасалған жұмыстар тазартылған көмірсуларды шамадан тыс тұтыну, қызыл етті жиі тұтыну және талшықты тағамдарды аз жеу ішек қатерлі ісігінің тамақтану себептері болуы мүмкін екенін көрсетеді.

4. Аллергияны азайтады

Пробиотиктер аллергия мен экземасы бар адамдар үшін жақсы, бұл жағдайдың ауырлығын төмендетеді. Осылайша аллергиялық реакцияларға әсер етеді.

Пребиотиктерді тұтыныңыз

Пробиотиктермен қатар диетаға сіңірілмейтін көмірсулар болып табылатын пребиотиктерді де қосыңыз. Өйткені пребиотиктер бактериялар үшін қоректік заттар болып табылады және жақсы бактериялардың көбеюіне мүмкіндік береді.

Пребиотиктер

• Тамыры бар көкөністер (пияз, сарымсақ, сопақ басты пияз, картоп, жералмұрт т.б.),

• Дәндерде де кездеседі (сұлы, қара бидай, бидай сияқты).

Құрамында пробиотиктері бар тағамдарды осы өнімдермен бірге тұтынатын болсақ, олардың денсаулығымызға әсері артады.

Дайындаған: дәрігер, Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар