Өкпе денсаулығына пайдалы тағамдар

«Денсаулық зор байлық» - 69

2080481
Өкпе денсаулығына пайдалы тағамдар

Өкпенің денсаулығына пайдалы тағамдар қандай?

1. Алма

Алма антиоксиданттардың жоғары мөлшерінің арқасында өкпенің денсаулығын қолдайды. Зерттеулерге қарағанда аптасына 5 немесе одан да көп алма тұтынатын адамдардың өкпесі жақсы жұмыс істейді.

2. Банан

Калийге бай құрамының арқасында банан тұтыну да өкпеге пайдалы жемістердің бірі.

3. Көкжидек

Құрамында өкпе тінін сыртқы зақымданудан қорғайтын заттар бар көкжидек жемісі тұтынған жағдайда, өкпенің денсаулығын сақтайды.

4. Құлпынай және таңқурай

Құрамында жоғары С дәруменінің арқасында құлпынай мен таңқурай да өкпе денсаулығына пайдалы жемістер тізімінде.

5. Қызыл қырыққабат

Қызыл қырыққабатты тұтыну жалпы денсаулыққа да, өкпеге де пайдалы. Әрі құрамындағы белсенді ингредиент, әрі талшықты құрылымымен өкпе функцияларын арттырады.

6. Қызанақ

Өкпе денсаулығын қолдаумен белгілі ликопен атты зат қызанақта кездеседі. Қызанақты тұтыну өкпе функцияларын жақсаруына ықпал етеді.

7. Қызыл бұрыш

С дәруменінің бай көздері арасында бірінші орында тұрған бұрышты әсіресе темекі шегетін адамдар тұтынуы керек.

8. Зімбір және куркума

Антиоксидант пен қабынудың алдын алу тұрғысынан бай заттардың арқасында зімбір және куркума да өкпеге пайдалы тағамдардың қатарына жатады.

9. Қызылша

Қызылшада қан тамырларын кеңейту арқылы оттегі қабылдауын жеңілдететін нитраттың жоғары мөлшері бар.

10. Сарымсақ

Халық арасында табиғи антибиотик деп белгілі сарымсақ құрамындағы аллициннің арқасында өкпені қорғайды және тазартады.

11. Йогурт

Кальций, калий, фосфор және селенге бай йогурт диеталар тізіміне қосылып, жүйелі түрде тұтынылғанда, өкпе денсаулығына да пайдалы.

12. Зәйтүн майы

Әрі қабынуды емдеуші, әрі антиоксидант көзі болып табылатын зәйтүн майы құрамындағы Е дәрумені арқылы өкпе ауруларының шағымдарын жеңілдетуімен белгілі және жалпы өкпе денсаулығын жақсартады.

13. Асқабақ

Асқабақ альфа және бета-каротинге бай тағам болып табылады және өкпеге пайдалы тағамдар тізімінде орын алады.

14. Кофе

Күніне 1 кесе кофе ішу арқылы сіз кофенің құрамындағы кофеин мен антиоксиданттың арқасында өкпе денсаулығын қорғауға үлес қоса аласыз.

15. Көк шай

Құрамында катехин бар көк шай үнемі тұтынылған кезде өкпедегі тіндердің қатаюына жол бермейді.

Сонымен қатар талшыққа бай тағамдарды тұтыну өкпенің денсаулығын қорғайды және жақсартады.

Өкпеге зиян келтіретін тағамдар мен заттар қандай?

• Темекі шегу және зияны: Өкпеге зиян келтіретіні дәлелденген ең маңызды зат – темекі екені сөзсіз. Ұзақ мерзімді темекі шегуге тәуелділік емделмеген жағдайда созылмалы бронхит пен өкпенің созылмалы обструкциялық ауруына әкелуі мүмкін. Бұл себепті темекі шегу - өкпенің ең басты жауы.

• Ағартқыш және ұқсас жуғыш заттар: Ағартқышты көп қолдану және әсіресе оны тұзды спиртпен араластыру өкпенің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Ағартқышты көп қолдану демікпе ұстамаларын да тудырады. Үйде тазалау кезінде әртүрлі жуғыш заттар мен тазалау құралдарын араластырмау керек, мүмкіндігінше маскамен тазалаған дұрыс. Осылайша сіз қауіпті химиялық заттардың өкпеңізге жетуіне жол бермейсіз.

• Асбест: Қазіргі кезде қолданылмаса да, бұрын қолданылған, қазіргі уақытта кейбір кемелер мен ғимараттарда кездесетін асбест өкпенің ең маңызды жауларының бірі болып табылады.

Өкпенің денсаулығын қолдайтын өмір салты әдеттері

• Салауатты тамақтану: Өкпеге пайдалы тағамдарды және дұрыс тамақтануды қамтитын тамақтану бағдарламасын орындау арқылы өкпенің денсаулығын сақтауға болады.

• Тұрақты жаттығулар: Үнемі жаттығу жасау өкпені күшейтеді.

• Ұйқы режиміне назар аудару: Ұйқы тек өкпе денсаулығы үшін ғана емес, сонымен қатар өмір бойы сапалы өмір сүру үшін де маңызды.

• Жабық жерлерде көп уақыт өткізбеу: Жабық жерлерде көп уақыт өткізу өкпенің қажетті таза ауаға жетуін қиындатады және біраз уақыттан кейін сол жердегі адамдар арасында жұқпалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін.

• Бетпердені пайдалану: Науқасты орталарда міндетті түрде бетперде пайдалану керек және мүмкіндігінше ортаны желдету керек.

• Стрестен аулақ болу: Қатты күйзеліс жағдайында өмір сүретін адамдардың жүрек және өкпе денсаулығына теріс әсер етеді.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар