Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2124167
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті Метина мен Гарада жүргізілген әуе операцияларына орын берген. Хабарға қарағанда, Ирактың солтүстігіндегі Метина және Гара аймақтарына жасалған әуе операциясында 6 PKK террористі залалсыздандырылды.

Ватан газеті «Түрік азаматтары үшін виза» деген тақырып қолданған. Хабарда айтылғанға қарағанда, грек аралдарында түрік азаматтарының кеденде виза алу процесі басталды. Түрік туристер Грекияның 10 аралының порттарында 60 еуро төлеп  виза ала алады, осылайша бұл аралдарда бір аптаға дейін тұра алады.

Сабах газеті «Бірінші кеме зәкір салды» деген хабарға орын берген. Ресейдің Сочи қаласынан жолға шыққан 707 жолаушысы бар «Astoria Grande» атты круиздік кеме Мысыр сапарынан кейін Измирге келді. Кеменің көпшілігі орыс туристері қала орталығындағы тарихи Кемералты базары мен Селчук ауданындағы Эфес ежелгі қаласын аралады.

Хүрриет газеті «Автокөлік сатылымы артып келеді» деген хабар жариялаған. Түркияда автокөлік сатылымы наурыз айындағы рекордты жаңартты. Өткен айда ел бойынша 109 мың 828 жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік сатылды.

Хабер Түрік газеті «12 жасында Ягыз Каан Эрдогмуш шахматтан «гроссмейстер» атанды» деген хабарға орын берген. Ашық шахмат турнирінде өнер көрсеткен Ягыз Каан Эрдогмуш 12 жасында «гроссмейстер» атағын алды. Шахмат тарихында бұған қол жеткізген ең жас 4-ші адам болған Йагыз Кааннан кейін Түркиядағы гроссмейстер саны 16-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар