Президент Ердоғанның Африка туры

Түрік сыртқы саясатының бағдары 01

881831
Президент Ердоғанның Африка туры

Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған 2017 жылдың 24-27 желтоқсан күндері арасында Судан, Чад және Туниске ресми сапармен барды. Сапардың мақсаты Түркияның Африка бастамасын одан әрі тереңдетіп, үш елмен (экономика мен қорғаныс саласынан бастап) әр салада ынтымақтастық қарым-қатынастарды жетілдіру. Президент Ердоғанның Африка туры аясында алғашқы аялдамасы Судан болды. Судан – Африканың болашағы жарқын елдерінің бірі. Судан 20 жылдан бері экономикалық және саяси санкциялармен тіршілігін жалғастыруда. Қазіргі таңда Суданға санкцияларды жою жөніндегі шешімдердің қабылдануы үлкен фирмалардың назарын қайтадан аударды.

Президент Ердоған шамамен 200 іскермен бірге барды. Себебі Судан - келешекте үміт артатын бір ел. Сапар аясында екі елдің тиісті министрлері (саяси, экономикалық, мәдени және қоғамдық) көптеген саланы қамтыған 13 келісімге қол қойды. Судан халқы болса түрік халқы мен президент Ердоғанға деген сүйіспеншілігін көшелерге түрік жалауын алып шығып көрсетті.

Президент Ердоған Суданда бұрынғы Османлы империясы кезінде Африканың маңызды порт қалаларының бірі болған Севакин аралына барды. Аралда ТИКА тарапынан жүргізілген реставрациялық жұмыстарды қадағалады. Ердоған Судан елбасы Өмер Әл-Беширмен кездесуінде аралдың инфрақұрылымын бастан салып, қайта жандандыру үшін Түркияның қызметіне беруін сұрады. Судан елбасы Ердоғанның тілегін қабылдады. Аралдың 49 немесе 99 жылдығына Түркияға берілуі күн тәртібінде.

Севакин кезінде Мысыр мен Сирияны бақылауына алған «Эт девлет-үл Түркиййенің» (Түрік мемлекетінің) Қызылтеңіз жағалауындағы аса маңызды сауда порттарының бірі болатын. 15-ші ғасырдың аяғынан бастап, теңізде үлкен күшке ие болған Португалия Африканың шығыс пен батыс жағалауындағы мұсылман сұлтандықтарына шабуылдап, көптеген жерді талан-тараж етті. Кейін аймаққа билігін орнатты. 1513 жылы Севакин португалиялықтардың бақылауына өтті. Османлы падишасы Явуз Сұлтан Селим кезінде Сирия мен Мысырды алған Османлы мемлекеті Қызылтеңізде билігін орнатып, Африканың шығысында көптеген аймақты Португалиядан кері қайтарды.

Түркияның ТИКА арқылы әсіресе Севакиндегі тарихты ортаға шығарғысы келеді. Аймақта сауда және туризм жанданатын болады. Түркия бұл жағдайды Суданмен жетілетін ынтымақтастық арқылы Қызылтеңіз мен айналасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де пайдаланады. Осылайша Түркия жақын келешекте Сомалиде, Йеменде бейбітшілікке үлес қосатын бір елге айналады.

Суданның артынан президент Режеп Тайып Ердоған делегация құрамындағы іскер тобымен Чадтың бас қаласы Нджаменаға өтті. Түркия мен Чад арасында саяси ынтымақтастық 16-шы ғасырға сүйенеді. Соңғы кездері Түркия мен Чад арасындағы қарым-қатынастарда маңызды жаңалықтарға қол жеткізілді. Кезінде Чад премьер-министрі Кальцубе Пайими Деубет 2014 жылы 15-18 желтоқсан күндері арасында Түркияға ресми сапармен келді. Аталмыш сапар барысында әртүрлі салада келісімдерге қол қойылды. Чад сапарында Түркия президентінің делегациясында Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акар да орын алды. Соңғы жылдары террормен күресте белсенді роль ойнаған Чадқа жасалған осы сапар қауіпсіздік тақырыптары тұрғысынан да аса маңызды болатын. Сапар кезінде ұйымдастырылған іскер форумына қоса, көптеген салада қол қойылған ынтымақтастық келісімдері екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайта түспек.

Түркия мен Тунис арасындағы екі жақты ынтымақтастықтар терең тарих мен мәдени байланыстар негізінде жалғасып келеді. Екі ел арасында жүйелі түрде жоғары деңгейлі сапарлар ұйымдастырылуда. Әр салада ақылдасу мен байланыстар жүзеге асуда. Тунисте 300 жылдан бері жалғасып келе жатқан түрік болмысы Тунис халқының санасында Түркияға деген жақындықтың негізгі себебі. Кезінде Тунис үкімет басшысы Хаммади Жебалидің 2012 жылы 24-25 желтоқсан күндерінде Түркияға жасаған сапары барысында Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі құру жөнінде Ортақ саяси декларацияға қол қойылды. Президент Ердоған 2013 жылдың 5-6 маусым күндері арасында Туниске жасаған ресми сапары барысында Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші жиналысы жүзеге асты. Әртүрлі салада 21 келісім мен жобаға және 24 бауырлас қала хаттамасына қол қойылды. Президенттің 2017 жылдың соңында ұйымдастырған сапары арқылы екі жақты қарым-қатынастар одан әрі нығая түсті.

Бұдан 10 жыл бұрын Африка саясаты туралы Түркия басқан алғашқы қадам көпшілікте күдік туғызған болатын. Қазір осы күдіктер жойылды. Түркияның енді Африкадағы болмысы маңызды түрде сезіле бастады. Түркияның Африкадағы болмысы саяси, мәдени, стратегиялық, әскери және экономикалық тұрғыдан аса маңызды болып табылады. Африка құрлығы Түркияға деген ықыласын басқа бір батыс мемлекеті немесе кезкелген Ислам еліне көрсетпейді. Ердоғанның аймақ елдерімен жүргізген келіссөздер кезінде тілге тиек еткен «Африка үшін африкалық шешімдер» пәлсапасы аймақ үшін аса маңызды.

Президент Ердоғанның осы Африка сапарымен бірге қоса алғанда барған Африка елдерінің саны 28-ге ұласты. Бұл аяда Африкада 32 елде 51 әуежайға рейсі бар Түрік әуе жолдары, алтыдан астам елде қызмет еткен Түркия Маариф қоры мен көптеген елде өкілеттігі бар ТИКА және түрік азаматтық қоғам мекемелерінің үлкен ролі бар. Мемлекет аралық екі жақты қарым-қатынастар қазір халықаралық қатынастар саласының маңызды тақырыбы. Бұл тұрғыдан стратегиялық, саяси, мәдени және экономикалық қарқыны Түркияға Африкада үлкен мүмкіншілік ұсынады. Президент Режеп Тайып Ердоған мұны іске асыру үшін күш жұмсап, Африка сапарынан табыспен еліне оралды.



Ұқсас жаңалықтар