Түркия – Венесуэла ынтымақтастығы

Түрік сыртқы саясатының бағдары 50

1107093
Түркия – Венесуэла ынтымақтастығы

Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған Аргентинада болып өткен Үлкен жиырмалық елдер басшылар саммитінен кейін Парагвай және Венесуэлаға президент деңгейінде алғаш ресми іс-сапарын жүзеге асырды. Ердоғанның Венесуэлаға сапары екі ел тұрғысынан символдық мағынасы бар терең бір ынтымақтастыққа мүмкіншілік береді. Экономикалық, стратегиялық және саяси көптеген мүддеге жағдай жасайды. Президент Венесуэлаға халықаралық қысымдарға қарамастан сапарлай барды. Ердоғанның Каракас сапары – осы тұрғыдан батыл басылған бір қадам. Венесуэла, Латын Америка мен Кариб аймағында Түркия Республикасы дипломатиялық алғаш ынтымақтастық жасаған елдердің бірі болып табылады. Түркия мен Венесуэла арасындағы қарым-қатынастар 1950 жылы құрылды. Жағрафиялық қашықтыққа қоса екі елдің ұзақ жылдар өз аймақтарындағы саясатқа берілуі салдарынан ұзақ уақыт екі жақты ынтымақтастық әлсіреп қалды. Екі ел арасындағы ынтымақтастық соңғы кездегі жаңалықтар және жоғары деңгейлі ресми сапарлармен жаңа бір кезеңге көшті.

Сол кездегі Венесуэла сыртқы істер министрі Delcy Rodriguez 2016 жылы 17-18 қыркүйек күндері Венесуэланың Маргарита аралында болып өткен Байланыссыз елдердің 17-ші лидерлер саммиті тақырыбында Венесуэла президенті Николас Мадуроның Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанға жолдаған шақыру хатын жеткізу мақсатты 2016 жылы 19 тамыз күні Түркияға сапарлай келді. Аталмыш саммитке Түркия атынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу өкілдік жасаған еді.

Венесуэла президенті Николас Мадуро 2016 жылы 9-13 қазан күндері Стамбулда ұйымдастырылған 23-ші Бүкіләлемдік Энергия конгресіне қатысу үшін Түркияға сапарлай келді. Түркия президенті Ердоған 2017 жылы 10 қыркүйек күні Венесуэла президенті Мадуромен Қазақстанның елордасында болып өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) 1-ші Ғылым мен технология саммиті барысында оңаша кездесті. Венесуэла президенті Мадуро 2017 жылы 5-6 қазан күндері Түркияға президент деңгейіндегі алғаш сапарын жүзеге асырды. Сапар аясында сондай-ақ Сыртқы істер министрлері тең басшылық жасаған Ортақ ынтымақтастық комиссиясы 2-ші жиналысы болып өтті. Венесуэламен аралас экономикалық комиссиясының негізін құрайтын Экономикалық және сауда ынтымақтастығы келісімі, Қауіпсіздік ынтымақтастығы жөніндегі хаттама, Авиация қатынасы келісімі, Егіншілік ынтымақтастығы жөнінде хаттама, Туризм ынтымақтастық бағдарламасы және Авиация саласындағы хаттамаға қол қойылды. Түркия-Венесуэла іскер форумы мен Венесуэла экспорт өнімдері көрмесі ұйымдастырылды. Мадуро 2018 жылы шілде айында Ердоғанның президенттік міндетті қабылдау рәсіміне қатысу үшін Түркияға келген кезде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жетілдірілетіні жөнінде мәлімдеме жасады.

Түркия мен Венесуэла арасындағы сыртқы сауда көлемі Түркия Статистикалық мекемесіне қарағанда 2018 жылдың алғашқы 10 айлық мерзімінде 1 миллиард доллардан асты. Аталмыш кезеңде Венесуэлаға экспорт шамамен 91 миллион доллар, Венесуэладан Түркияға жасалған импорт болса 984 миллион доллар болып тіркелді. Осы сауда көлемі қаншалықты Түркияның жалпы сауда көлемінің шектеулі бір мөлшерін құраса да, екі ел арасында соңғы 5 жылдың ішінде барлық сауда көлемін артта қалдыратын бір бағыт алу байқалады. Түркияның экспорттаған өнімдері арасында бидай, макарон, сабын, гигиеналық өнімдер, ауыз бен тіс қорғау өнімдері, мәрмәр, күнбағыс майы және сақал қырғыш өнімдері орын алады. Венесуэладан импортталған өнімдер арасында болса асыл не болмаса жартылай асыл тастар, қымбат металдар, інжулер, имитациялық зергерлік бұйымдар, метал ақшалар, минералдық жанармай және майларды тазалағандағы өнімдер, минералдық шам шырақтар, темір мен болат өнімдері бар.

Түркия АҚШ санкция жасаған Венесуэламен сауда ынтымақтастығын жетілдіруді нысанаға алып отыр. Венесуэла мекемелік фирмалары мен шағын кен кәсіпкерлері Венесуэлада шығарған алтын, санкциялар себепті қазір Швейцарияда емес, Түркияда алтын ақшаға айналдырылуда. Венесуэланың жерасты резервтері бай, бірақ алтын менеджменті күшіне ие емес. Осы себепті Қытай, Ресей және Түркияға бағытталуда. Әсіресе кен саласында Венесуэла үкіметі түрік іскерлерді ынталандырады. Үкімет «Сізге алтын кенін берейін, зауытты құрыңыз, шығарған кеннің 70 пайызы сіздікі, 30 пайызы мемлекеттікі» дейді. Осы келісімді жасау үшін Венесуэлаға барған бірнеше түрік фирмасы бар.

Венесуэла қазір маңызды бір экономикалық дағдарыстан өтуде. Бай мұнай резервтері бар Венесуэла түрік фирмалары үшін маңызды мүмкіншіліктер ұсынуда. Венесуэлада қолданылмаған кең егістік алаңдарға ие. Аталмыш алаңдар әрі мал шаруашылығына ыңғайлы, әрі Венесуэлада әлемнің ең сапалы какао өсімдігін өндіреді. Екі ел арасында мұнай және мұнай өнімдерімен екі жақты тауар және қызмет алмастыру, әсіресе қызмет және құрылыс саласы сияқты нақты өнімдердегі рискті азайтады.

Венесуэла – ел ішіндегі барлық қиыншылықтарға қарамастан резервтері тұрғысынан әлемнің ең бай мемлекеттерінің бірі. Сондықтан Венесуэла түрік фирмалары үшін таптырмас мүмкіншіліктерге ие бір ел. Өйткені Венесуэладағы көптеген жерасты резервтері Түркияда жоқ. Керісінше түрік фирмаларының өндіріс, өнеркәсіп, мердігерлік және қызмет саласындағы тұғыры да Венесуэлада жоқ. Халықаралық бәсекелестік азайған қазіргі таңда түрік фирмалары үшін Венесуэла маңызды бір нарық. Түркияның мұнай импортында Иран мәселесі себепті альтернативалар іздеу қажеттілігі және қаржылай тұрғыдан Түркияға болымды үлес қосатын Каракас әкімшілігімен алтын саудасы жасау алдағы кезеңде Түркия үшін Венесуэланы маңызды қылады.



Ұқсас жаңалықтар