Түрік мемлекеттік пәлсапасы және түрік сыртқы саясаты

Түрік сыртқы саясатының бағдары 52

1116219
Түрік мемлекеттік пәлсапасы және түрік сыртқы саясаты

Түрік сыртқы саясатына сырттан қараған көздер соңғы жылдары маңызды өзгерістер мен жаңалықтарды байқауда. Күдіксіз осы өзгерістер мен жаңалықтардың маңызды жол көрсетушілері және арғы жағында жоспарлар бар. Түркия Республикасы президенті Ердоғанның осы тақырыпта маңызды жол көрсетушілерінің бірі болса Түрік мемлекеттік пәлсапасы болып табылады.

Түріктердің басқа ешбір ұлтпен салыстыруға болмайтындай түрде кең байтақ жерге билік құрып, теңдесі жоқ үлкен аймақтарға тарауы, әртүрлі дәуірде үстем күш болуы, ауытқуларға толы тарихи кезеңдері мен қазіргі жағдайлары түрік мемлекеттік пәлсапасын зерттеуді міндетті қылуда. Мемлекет құру адамдардың бір ортада өмір сүруі үшін қажетті шарттардың бірі болып қабылданады. Адамдар қоғам болып өмір сүреді және болымды немесе болымсыз әртүрлі гуманитарлық даму мүмкіндіктерін қоғам ішінде жүзеге асырады. Күдіксіз мемлекеттердің пәлсапалары ұлттардың санасында сақталады; сол санаға бөтен адамдардың осы пәлсапаны ұғуы мүмкін емес. Сананың өзі жай түсіне алатын ұғым емес, оған тілдік мағыналар, жағрафия, діні құндылықтар және салт-дәстүрлер кіреді.

Тарихи кезеңге қарағанда түріктердің мемлекет мағынасында қолданған алғашқы сөзі «ел» деген мағынаға келеді. Ел деген сөз мемлекет, жұрт, мемлекеттік тәртіп сияқты әртүрлі мағыналарға келеді. Махмуд Қашқаридің сөздігінде болса «бейбітшілік» деген мағынада қолданылғаны белгілі.

Бұрынғы түріктер қолданған «ел» сөзінің орнын түріктер Исламды қабылдағаннан кейін «мемлекет» деген сөз алады. Араб тілінде мемлекет «өзгеру, бір күйден екінші күйге көшу, аралау, шығу, жеңіске жету» деген мағынаға келеді. Мемлекет сөзі батыс тілдерінде «тоқтау, аялдау» деген мағынадағы латынша «status» сөзінен туындаған «state», «état» сияқты сөздерге тура келеді. Латын тектестері отырықшы емес қоғамдарды, Түрік-Ислам тектілер болса қозғалмаған, міндетін орындай алмайтын бір механизмді «мемлекет» деп атамайтынын осы сөздермен түсіндіруде. Мысалы бұрынғы гректерде ең идеалды мемлекет ретінде аймақ халқы егіп-орған жерлерге дейін созылған ел деп қабылданады. 

Сол дәуірде түріктер «Күн - жалауымыз, көгілдір аспан - шаңырағымыз» деген түсінікте еді. «Тарих ұғымы тіршіліктің ұстазы» деп қабылдаған римдіктер мемлекеттерін Рим Актерна (Acterna) яғни «өлімсіз Рим» деп атайды. Түріктер мемлекеттерін мәңгі сақтайтынына сенгендіктен Девлет-и эбед-мүддет (мәңгі жасайтын мемлекет) ретінде атайды.

Мемлекет болу үшін алдымен екі нәрсе қажетті. Осылардың бірі физикалық күш, екіншісі болса заңдылығы. Осы екеуінің арасында заңдылық ұғымы аса маңызды болып табылады. Заңдылықтың бір мағынасы да күшті басқару құқығы деген сөз. Заңдастыру әртүрлі қамтамасыз етіледі. Осылардың бірі де қазіргі таңда болмысын бір белгі ретінде жалғастырған құт пен салт-дәстүр ұғымдары. Исламға дейін түрік қоғамының назар аударған ең маңызды ерекшелігі – салтына бағыныштылығы. Түріктердің салттық түсінігі мемлекеттен бұрын келеді және мемлекеттің күшінің шегін анықтайды. Егемендікті шектейтін және заңдылықтың өлшемі ретінде осы салт-дәстүр түсінігі құқыққа бағынушы сананың рухы болып табылады. Құт пен салт мемлекет басшылары және ұлт арасында әлеуметтік бір келісім іспеттес. Ұлт тек қана құттың иесі және салтқа бас иген биліктерді заңды қылады және оған бағынып, беріледі. Құт – тәңір тарапынан мемлекет басшысына сыйға тартылған басқару жауапкершілігі, тіпті міндеті болып табылады. Түріктердің Ислам дінін қабылдауымен салтқа бағыныштылық Ислам құқығына бағыныштылыққа айналады. Түрік мемлекеттік пәлсапасының ең маңызды іргетастарының бірі әмбебаптық мемлекет түсінігі. Әмбебаптық мемлекет түсінігіне қарағанда әлем болмыстың орталығында болса, түрік жұрты да физикалық тұрғыдан дүниенің орталығы болып табылады.

Түрік мемлекет пәлсапасын талдаған негізгі мәтіндердің бірі ретінде «Құтадғу біліг / Құтты біліг» атты кітапта билеушілердің белгілі ерекшеліктері аталады. Құтты білігке қарағанда үкіметтердің басты міндеттерін айтатын болсақ, билеуші халықты тоқ қылып, жағдайларын жақсарту үшін қажетті заңдарды шығаруға, тәртіпті сақтауға, мемлекеттің болмысын жалғастыру үшін әртүрлі жұмысты орындауға жауапты. Әсіресе түрік мемлекеттік пәлсапасында биліктің көзі қасиетті деп қабылданса да, саяси тәртіп дүниеуи болып табылады. Билік құт иесі ретінде мемлекет басшысында болса да, осы билік салт-дәстүрмен шектелген. Осы мағлұматтардың барлығы түрік мемлекетінің тамаша бір әлем мемлекеті болып жоспарланғанын көрсетеді.

Бір ұлттың мемлекет пәлсапасын талдау кезінде назар аударарлық тағы бір тақырып «жат, өзге» деген түсінік. Әртүрлі қоғамдарда өзінен басқаны шеттетуші бір түсінік байқалады. Мысалы римдік еместер «варвар», араб еместер «ажам/парсы» деп аталған. Түріктерде осындай нәсілшіл шеттетушілік байқалмайды. Түрік атауының тағы бір мағынасы болса «салты бар» деген сөз.  Осы тұрғыдан түрік болудың алдынғы шарты салтқа бағынған түрік болып табылады.

Осы тұрғыдан қарағанда президент Ердоғанның сыртқы саясатын талдайтын болсақ, тегі мен салтына оралу байқалады. Әйтсе де түрік тілінде сөздің түбіріне қарағанда түрік тілдегі «геленек» (салт) деген сөз гелене-ек (келгенге қосылу) болашақ деген мағынаға келеді. Яғни бұрынғыда қалған деген мағынада емес. Осы себепті Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған жүргізген сыртқы саясат пен бастамалары түрік мемлекеттік пәлсапасына сәйкес келеді және осы пәлсапаға жақсы үлес қосады.



Ұқсас жаңалықтар