АҚШ қайда барады?

Жаһандық перспектива - 34

1034559
АҚШ қайда барады?

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің анализін ұсынамыз.   

   АҚШ қайда барады?

Соңғы кездері терроризмге қолдау берді деген айыптаумен тұтқындаулы дін қызметкері Брунсон төңірегінде Түркия мен АҚШ арасында дағдарыс шиеленісті. Осы дағдарысты Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынастар арқылы түсінуге бағытталған бейім салмақты орын алуда.  Таластар көбіне осы перспективадан жүргізіліп отыр.

Дағдарысқа Түркия мен АҚШ арасындағы қатынастар перспективасынан анализ жасаудың әрине орынды себептері бар. Дағдарысты АҚШ-тың осы деңгейге жеткізуі Ресейден S-400 зымырандарын алу,  Америка Иерусалимді Израильдің бас қаласы қып жариялауына қарсы Түркияның жаһандық деңгейде наразылық білдіруі және соңғы оқиға: Американың дін қызметкерінің Түркияда сотталуымен байланысты болса да, Түркиядан бұл мәселе бұлай көрінбейді. Түркия тұрғысынан мәселе -  Америка Құрама Штаттарының Түркияда террорлық ұйым деп есептелетін PKK/YPG арқылы террорлық мемлекет құру ынтасы,  Түркияның 11 қыркүйегі деп аталған 15 шілденің жауаптысы Фетуллахшы террор ұйымының АҚШ-та тұратын басшысының люкс тұрмысын жалғастыруы, Түркия берген барлық айғақтарға қарамастан оған ешбір құқықтық тергеу жүргізілмеуі. Америка Құрама Штаттарының ұстанымының Түркия қоғамында қалай көрінгенін жақсы түсіну үшін мынадай мысал келтіруге болады: Усаме бин Ладеннің бір елде қонақ болып,  сол елдің Әл Кайда террор ұйымы арқылы Американың Мексикамен шекарасында бір террорлық аймақ қалыптастыру жоспары АҚШ қоғамында қалай қабылданатын болса,  АҚШ-тың ұстанымы Түркия халқында сондай реакция алады.

Түсінікті себептерге қарамастан дағдарысты Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар аясында бағалау  олқы болады. Себебі Америка Құрама Штаттары тек Түркиямен ғана дағдарыста емес.  Америка Құрама Штаттары одан да үлкен дағдарысты Қытай,  Ресей, Еуропа Одағы және Германиямен басынан өткізуде. Тіпті АҚШ тарихында көп кездеспейтін Мексика және Канадамен де дағдарыс бар.  Солтүстік Корея және Иранмен арадағы хроникалық дағдарыстарға тоқталмай-ақ қоялық.

Сондықтан Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дағдарысты тек екі ел арасындағы байланыстар тұрғысынан бағалау дұрыс емес.

Осы дағдарыстарды тек Трамп әкімшілігімен де байланыстыру  дұрыс емес секілді.  Трамп әкімшілігінен туындайтын жақтары да бар әрине.  Сонымен бірге АҚШ әкімшілігінің көптеген елмен дағдарыстарының себебін арыдан іздеу керек.  Осылардың бастыларын былай тізіп айтуға болады:

АҚШ-тың жаһандық деңгейдегі дағдарыстарының ең маңызды себептерінің бірі бәлкім ең маңыздысы осы елдің жаһанданудан жеткілікті дәрежеде табысты болмауы.  Жаһандық бәсекеде АҚШ пен фирмаларының кері қалуы.  Жаһандық бәсекеде ең көп табыс тапқан елдер АҚШ пен Еуропа Одағы емес,  Қытай, Үндістан, Бразилия және Түркия секілді елдер.  Осы үрдісте Америка Құрама Штаттарының экономикасы бірнеше рет дағдарысты басынан өткізсе,  аталмыш елдер ұлттық табыстарын бірнеше есе арттырды.  Осы кезеңде Америка билігінің жойылып бара жатқаны да айтылуда.

Әсіресе Америка Құрама Штаттарының жаһандық бәсекеден,  жариялылықтан, еркін нарық экономикасынан жеткілікті түрде пайда таба алмағаны анық болса, АҚШ-тың ашуының өте маңызды себебі осы болса,  кейбір зиялы қауым мен басқарушылар жаһандануға деген кейбір пікірлерін өзгертуі керек.  Жаһандану үрдістерінің дамыған елдерге көп пайда келтіретіні,  байды бай қып,  кедейді одан сайын кедей қылатыны деген пікірлерін тағы бір рет ойлап қарау керек.

Трамп әкімшілігі елі жаһанданудан жеткілікті түрде табысты болмағандықтан еркін нарық экономикасынан, жаһанданудан бұрынғы саясаттарға жүгінуде.  Артып отырған салықтар,  артқан кедендер,шетелге қашқан капитал мен фирмаларды қайта шақырып алу – осы саясаттың жалғасы.  Осы саясаттар әлем нарығын тарылтады, басқа елдермен бірге Америка Құрама Штаттарына да зиян келтіретін қадамдар.  Ең көп зиянды тұтынушылар шегеді.  Себебі салық пен кеден өнімнің бағасын арттырады.

Екінші себебі өткен апта жазылғандай, Америка Құрама Штаттарында діни топтардың,  жамағаттардың, тариқаттардың артып отырған әсері. Иерусалим мен дін қызметкері Бронсон шешімінде болғаны секілді АҚШ әкімшілігінің орынсыз кейбір шешімдерін түсіндірудің басқа жолы жоқ.  Вице-президент Майк Персон және бұрынғы президент Буштың эвангелист екенін қайта еске салайық.

Басқа бір себеп ретінде Америка Құрама Штаттарындағы басқару/әкімшілік дағдарысын айтуға болады.  Көптеген оқиғада Пентагон, Ақ Үй және Америка сыртқы істері басқа ойлайды және басқаша қозғалады.  АҚШ-тағы түрлі коалициялардың реакциялары мен наразылықтары Ақ Үйді едәуір қинайды. Трамп билігіндегі ашудың маңызды бір себебінің осы коалициялардың Трампты міндетінен алып тастауы үрейі екені айтылып жүр.

Америка Құрама Штаттары мен Түркия арасындағы дағдарыс екі ел қатынастарынан да басқа бағытта болса не істеу керек?

Әрине, бұл проблеманың Түркияға, Америка Құрама Штаттарына және басқа да елдерге қатысты, адам баласына қатысты жақтары бар.

Америка Құрама Штаттарының саясаттары тұрғысынан қарағанда, қайтадан жабық экономикаларға оралу кеден қабырғаларын биіктету  еркін нарық экономикасына зиян келтіреді. Бұл барлық елдер мен азаматтарға әсер етеді. Америка Құрама Штаттарының әсіресе Қытайдың дамуына қарсы жүргізген саясаттарын аздап түсінуге болады.  Сонымен бірге Бүкіләлемдік Сауда ұйымы, Әлемдік банк секілді халықаралық ұйымдар мен еркін сауданы қолдайтындар баршаға зиян келтіретін осы саясаттарға қарсы шығуы керек. Америка Құрама Штаттарының ойынның қағидасына қарай ойнамауы -  барлық елдер үшін қауіпті.

Екінші дүниежүзілік соғыста нацизм және фашизм секілді ұшқары идеологиялық ағымдар мен бүгінгі Таяу Шығыста асыра діншіл ағымдардың елдерін және Жер шарын қайда итермелегені белгілі.  Сол секілді  Америка әкімшілігінің сионист христиандық саласы эвангелизм сияқты асыра діншіл түрлерінің ықпалында қалуы адам баласына жақсылық әпермейді. Американдық еркіндікшіл,  плюралист және либерал қауым осы қатерді байқап отыр.  Олардың рационализм,  еркіндік және плюрализм үшін күрестері адам баласы үшін өте маңызды.

Елдердің кейде қоғамдық,  экономикалық, саяси, мәдени дағдарыстары болуы мүмкін.  Осы жағдайларда елдерді осындай дағдарыстардан құтқаратын лидерлерге мұқтаждығы бар. Трамп билігі осы тақырыпта үміт отын жақпайды. Ең қинайтыны үміт бермейтін тек Трамп әкімшілігі ғана емес. Көптеген Еуропа елі де болашақ үшін үміт отын жақпайтын басшылар тарапынан басқарылуда.

Үміттен айрылып қалмайық,  бірақ қазіргі әлемдегі жаһандық саясат, өкінішке орай жарқын болашақ үшін уәде бермейді.

 



Ұқсас жаңалықтар