Батыс және жаһанданған әлем

Жаһандық перспектива - 38

1052425
Батыс және жаһанданған әлем

              1990 жылдардың басында жас ғалым ретінде бірінші рет жаһандануға қызыға бастаған едім. Осы үрдіс Түркия секілді даму жолындағы елдерге қалай әсер етеді? Жаһандану алдындағы ұстанымымыз қандай болмақ? Қаншалықты қолдап,  қаншалықты қарсы шығу керек?

  Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Осындай сұрақтар кейіннен докторантура дисертациямды осы тақырыпта жүргізумен аяқталды. Шынын айтқанда мен бастапқыда еркіндікті қолдайтын және адам баласына пайда келтіретін жаһандану көзқарасына жақын едім.  Бірақ аяқтаған кезде кітабымның тақырыбы ұстанымымды көрсететін еді: «Күш пен рыза, жаһанданулар арасында Түркия». Жаһандану бір жақты емес,  көп жақты, көп мөлшерлі, қиын және қысымшыл жағымен бірге мүмкіндіктер және рызаны да қамтитын үрдістер тізбегі болатын.

Жаһандануға кешегі көзқарас

Мен осы тақырыпта жұмыстана бастағанымда батыс әлемі жаһанданудың чемпионы болатын. Тауарлар мен капиталдың еркін айналымын,  саяси шекаралардың керек болмай қалғанын және мағынасынан айрылып қалғанын алға тартатын. Бәсеке,  ынтымақтастық,  кеден және квоталардың жойылуы ең көп алға шыққан ұғымдар еді. Халықаралық ұйымдар да қорушылық болмайтын,  ашық,  бәсекеге ыңғайлы әлемді қалайтын.

Осыған керісінше аз дамыған немесе даму жолындағы елдерден жаһандануға қарсы сындар көп шыға бастады. Осы үрдістің батыс елдеріне пайдалы екені, қорғаудың,  кеденнің жойылуының, ашық, еркін ынтымақтастықтың көбіне батыс елдері мен батыстық компанияларға пайдалы болатыны айтылды.  Осы саясаттар арқылы өздерінің одан да әлсірей түсетінін,  бәсекеге қабілеттерінің азаятынын алға тартты.

Идеологиялық деңгейде болса жаһанданудың капитализмнің жаңа бір варианты екені, отаршылықты одан әрі арттыратыны, осы мақсатпен ұлыс мемлекеттердің әлсірейтіні алға тартылды.

Реакциялар алға бағытталмады,  артқа қарады. Жаһандану капитализмнің жаңа бір варианты болса,  осы жаңа вариантта капитализмнің бұрынғы варианты болып саналатын ұлыс мемлекетпен бірге қалай қарсы шығатыны айтылмады.

Жүзеге асқан жағдай

2020 жылға жақындап қалған осы күндері арадан шамамен 30 жыл өткеннен кейін 1990 жылдардағы осы көзқарастардың, уайымдардың қаншалықты жүзеге асқанын анық көре аламыз.

Бүгінгі таңда батыс әлемі жаһанданудың чемпионы емес. Жаһанданудан ең көп пайда көрген елдер батыстық елдер емес. Жаһанданудан жеткілікті түрде жеңіп шықпағандықтан АҚШ секілді батыс елдері бүгінгі күні 1990 жылдардағы елдердің сындарына ұқсас пікірлер алға тартуда. Саяси шекаралардың жойылуы, еркін айналым,  бәсеке,  ашықтық туралы еш айтпайды десек те болады.  Әсіресе Америка Құрама Штаттарының шетелдегі инвестицияларын қайта шақыруы,  квота белгілеуі,  барлық елдерге қарсы кеден «қабырғасын» салуы – жаһандануға қарсы саясаттардың нақты көрсеткіші. Еуропа Одағының көш толқынына қарсы саяси шекараларын қорғау үшін 10 мың адамдық армия құруды жоспарлайтынын 1990 жылдары кім болжай алатын еді? Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Одағы елдері бүгін ұлыс мемлекет саясаттарына кері қайтып оралуда.

Осыған керісінше жаһандану үрдістерінен ең көп пайда тапқан елдер 1990 жылдардың даму жолындағы елдері болды.  Қытай, Үндістан, Бразилия,  Түркия секілді елдер осы үрдісте алға шықты.  Қытай батысқа қарсы жаһандану саясатын көптен қолдауда.  Түркия 2000 жылдардан кейін жаһандану үрдісінде «ойынды» тамаша ойнады. Әлеммен интеграциясын жүзеге асырды.  Демократия және еркіндік деңгейін арттырды.  Елдегі қысымшыл әкімшілік әлсіреген сайын, еркіндік алаңдары кеңейген сайын ел экономикасы да жетілді. 2000 доллар деңгейіндегі ұлттық табыс бірнеше есе артты.  Түркияның батыс әлемімен қатынастарының бұзылуының бір себебі де дамыған экономикалық деңгейі мен өзіне деген сенім арқылы қысымдарға қарсы шыққан Түркияны көре алмаушылық.

Зиялылар жаттағандарын  ұмытуы керек

Бірақ әлі күні Түркияда және әлемде зиялы қауым 30 жылдық үрдісте жаһандану үрдістерінің батыста және батыстан тысқары қоғамдарда қалай нәтижеленгенін байқамай отыр. 1990 жылдарда айтқандарын әлі де жалғастыруда.  Батыстың жаһанданудан жеткілікті пайда таппағандықтан бара-бара ашуланғанын,  сондықтан басқа елдерден алыстағанын, қорғаушы саясаттарға оралғанын,  саяси шекараларға одан да көп көңіл бөлгенін я көрмей отыр немесе көргісі келмейді. Бүгін шекараларды ашатын, ашықтық саясатын,  капиталдың еркін айналымын батыс елдері емес,  жаһанданудан ең көп табыс тапқан жоғарыда аты аталған елдер атқаруда.

Жаһандану үрдістерінен әрине даму жолындағы барлық елдер бірдей деңгейде пайдаланған жоқ. Осы үрдістерден ең көп зиян көрген елдер де болуы мүмкін.  Себебі осы үрдістер баршаға тең мүмкіндік беретін үрдістер емес.  Қажетті түрде қозғалмайынша осы үрдістер өздігінен батыстық елдерді де қосқанда ешбір елді не табысқа кенелтпейді не болмаса қиратпайды.

Сондықтан аналитикалық жағынан ойланып, салқынқанды қозғалып, жаттанды нәрселерден аулақ болып, тексеруші көзқараспен қарау керек. Қажетсіз жауап беру реакциясы көбіне реакция бергенге зиян келтіреді.

«Кешегі күнмен бүгінгі кір кеппейді» деген мақал бар.  Әсіресе батыстан тысқары қоғамдардағы зиялы қауым, ғалымдар, бюрократтар, саясат қайраткерлері,  мемлекеттік қызметкерлер,  іскерлер мен қарапайым азаматтар соңғы 30 жылға қарап тағы бір рет ойлануы керек.  Информация жылдам ескірген бір кезеңде кешегі күннің информациясымен бүгінгі күнге түсініктеме беруге болмайтынын білу қажет. «Кеңею, тығыздық, жылдамдық және ықпал» деген ұғымдармен аталған, жылдам өзгеретін жаһандану шағындағы өзгермейтін көзқарастар ертеңді былай қойғанда,  бүгінгі күнді түсінуге де жетпейді.

 



Ұқсас жаңалықтар