Білім берудің ғаламдық принциптері 1

Жаһандық перспектива - 39

1057071
Білім берудің ғаламдық принциптері 1

Біздер-адам баласы ғаламшарымызды бірге қолданып отырмыз. Алуан түрлі тұрмыс иесі қоғамдармен дүниеге бірдей уақытта келгендіктен бөлісуіміз керек нәрселер болып жатады. Жаһандық бір апатпен бетпе-бет келгенде қай наным,  тіл,  дін, нәсілден келсек те,  адам баласы отбасы ретінде бірге көреміз. Бір дәуірде жаратылған болуымыз алыс немесе жақын өңірлердегі адамдармен мәлімет,  мәдениет және тұрмыс ретінде бізге әсер етеді. Осы әсерлер кейде бұдан бұрынғы дәуірлерде өмір сүрген ата-бабаларымыздың әлде замандастарымыздың әсері көптеу ме деген сұрақты туғызады.

                  Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Сөздің басын білім беру мәселесіне қайырғым келеді.  Тек өз еліміздегі емес,  алыс аймақтардағы жақсы білім алған немесе білім алмаған адамдар өмірімізді өзгерту әлеуетіне ие.  Білім алмаған кейбіреулер «жанды бомба» болып,  сіздің өміріңізді немесе жақындарыңыздың өмірін қыршыннан қиюы мүмкін. Сіз еш танымайтын,  жақсы білім алған бір азамат тұрмысыңызды жеңілдетіп, сізді ауру-сырқаудан құтқаруы мүмкін.

Сондықтан білім -  жаһандық тақырып. Барлық елдер үшін өте маңызды. Бір елдегі жақсы білім де, жаман білім де басқа елдерге жағымды жағынан немесе жағымсыз жағынан әсер ететін дәуірдеміз қазір.

Білім беру тұрғысынан жаһандық деңгейде жағдайымыз қандай?

Әрине,  тамаша деңгейде болып саналатын алаңдар бар.  Бірақ мен осы мақаламда жағымсыз нәрселерге назар аударуды мақсат тұттым.

         Батысқа қарағанымызда, мектепте адам өлтірушілік тұрғысынан  дүние жүзіндегі басқа барлық елдердегіден   екі есе артық Америка Құрама Штаттарында мектептер бара-бара әскери орталыққа айналуда. Кішкентай балаларды,  жастарды өлтіргендер көбіне олардың сыныптастары. Бала жаста жыныстық қатынастар,  жасы кіші жастар арасында құмар ойындары,  спиртті ішімдік, есірткі шегу, отбасындағы келеңсіз оқиғалар, иесіз қалған балалар, мерекелерде де еске түспейтін жасы үлкендер...

 Шығыста да жағдай мәз емес. Қылмыстық көрсеткіштер батыстағы секілді жоғары болмаса да, шығыста да адамгершілікке үйретпейтін, өмірге дайындамайтын, еркін ойлауды емес, көбінесе жаттанды білім беретін білім беру жүйелері...

Ислам әлемінде болса Алия Иззетбегович айтқан маңызды проблемалардың бірі- бір-бірінен алыстау,  екіншісі – білім беру проблемасы.

Бір елдегі жақсы білім беру немесе білім берудегі проблемалар барлық елдерге жақыннан әсер ететін болса,  қай дін,  тіл,  идеология,  наным,  нәсілден болсақ та,  қандай адам болу керектігі жөнінде келісім болу қажет. Әйтпесе адам баласы ретінде барлығымызға бірге қауіп төнді деген мағынаға келеді. Өмір сүруге болатын,  тыныш, дамыған бір әлем үшін білімнің ғаламдық принциптері болуы керек.  Осы принциптерді білім берудің мақсатын қарастыру арқылы іздеуді бастауға болады.  Білім берудің мақсаты адамды өмірге дайындау болуы керек. Қандай білім беру жүйесі керектігі негізінде өмірге қалай қарайтынымызға, өмір философиямызға байланысты. Егер әділетсіздіктер аз болатын,  жамандық болмайтын,  өзгешеліктерге құрмет көрсетілетін,  адамдар парасатты болатын бір әлем қалайтын болсақ, білім беру жүйесі де осы мақсатты қамдайтын болуы қажет. Білім беру тек мектептегі білім немесе заманауи білім беру деген сөз емес.  Сондықтан мектеп жоғарыда айтылған мақсатты жүзеге асырудың жалғыз жолы емес,  тек құралдарының бірі.

Өмір жөнінде уайымымыз ортақ, мақсатымыз жоғарыда айтылғандай болса,  адам баласы ретінде өзгешеліктерімізді сақтап, баршаға пайда келтіретін білім берудің ғаламдық принциптеріне ие бола аламыз.  Осы негізгі принциптер не болуы керек?

Әділет санасын жетілдіретін білім беру

Қандай уақытта өмір сүрсек те (дәстүрлі, заманауи, постмодерн немесе болашақта басқаша аталатын бір уақытта) өзімізді қалай атасақ атайық, білім беру адамдарға алдымен әділет сезімін жүктеуі керек.  Әзірет Омар айтқандай «әділет – тәртіптің, мемлекеттің,  жүйенің іргетасы». Неміс ойшыл Кант айтқандай «Әділет жойылса, адам өмірін құнды қылатын ешнәрсе қалмайды» себебі.  Алдымен әділет болуы керек, еркіндік те,  теңдік те әділеттің ішінде. Әділеттің не екені,  ненің әділ, ненің әділетсіздік екені жөнінде де адамдық отбасының жеке мүшелері ретінде бірдей ойда емеспіз. Бірақ әділеттің негізгі бағандары аз да болса анық. Бүкіл діндерде,  нанымдарда,  идеологияда өлтірмеу, ұрламау, заңсыз әдістермен табыс табу, жамандық жасамау жөнінде азды-көпті келісім бар. Осы шеңберде бастауыш,  орта және жоғары мектептерде, университет деңгейінде немесе барлық білім беру ордаларында оқушыларға сіңіру керек бірінші принцип  жұмыс істеп, маңдай термен табыс табу болу керек. Әділетті зұлымдық арқылы жақсы түсінуге болады деп айтылады. Бір сәтке баршаның жұмыс істемей, ережелерге бағынбастан нәтижеге жетуге талпынғанын ойлап қаралық. Қалыптасатын хаосты елестетіп көріңіз.

Білім беру үрдісінде кемшін қалған мәлімет,  әдет, тәжірибені кейіннен де толықтыруға болады.  Бірақ білім беру үрдісінде қалыптасатын әділет олқылығы (еңбексіз табыс табу сезімі) өмір бойы түзелмейді, толықпайды. Әділет сезімі оқушыларда білім беру кезеңінде оқыту арқылы емес, көбіне білім беру жүйесі және ұстаздардың іс-қимылдары мен тәжірибесі арқылы қалыптасады. Осы шеңберде әділет білім деңгейінде емес,  сезім, сана және наным деңгейінде сіңірілуі қажет.  Әділетсіздіктен,  зұлымдықтан қашқақтау керек.

Адамды игі ниет иесі, жағымды көзқарас иесі қылатын білім беру

Білім беру жүйесі жылы жүректі,  жаны таза,  өмірге жағымды қарайтын азаматтар дайындауы қажет. Жап-жас болса да барлық нәрсеге болымсыз көзқараспен қарайтын,  аузынан шешім емес шешімсіздік түспейтін, писсимист, үмітсіз және басқа адамдарға да әрдайым күдікпен қарайтын жастар көбейіп кетті. Бұндай өмір қайда барады? Осындай негатив көзқараспен қай сұлулықты қалыптастыра алады? Адам жақсы көру керек, жақсыға қарау керек, осылай істесе ғана жақсы ойлай алады.  Әрине «жақсы» мен «сұлудың» не немесе «жақсы адамның» кім екені түрлі мәдениет пен нанымдарға қарай өзгеруі мүмкін.  Бірақ писсимист болу үшін көптеген себеп табылатын осы өмірде жақсы адам өсіріп шығаруды мақсат ету - өз алдына бір құндылық. Өмірге оптимист қарау, жақсы көзқарас жетілдіру, жақсылық жасауды бойына сіңіру – адамның өзімен, төңірегіндегілермен және басқа адамдармен тату болуының ең негізгі шарты.

Өмірге жағымды қарау,  жақсылықты ойлау өте қымбат болса да, «әділет» «жақсыдан» бұрын келеді.

Келесі аптада осы тақырыпты жалғастыралық.

 



Ұқсас жаңалықтар