Әділет шеңбері

Проф. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

1061444
Әділет шеңбері

Өткен аптада Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның 73-ші Бас Ассамблеясында әлем лидерлері бас қосты. АҚШ президенті Дональд Трамптың жаһандануға қарсы екенін мәлімдеуі,  Франция президенті Макронның Трампқа жауап беретіндей түрде жаһандық ынтымақтастықты қолдауы,  Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның «Әлем бестен үлкен» дегенін қайталауы мен әділетке шақыруы, Жаңа Зеландия премьер-министрі Ардерннің Бас Ассамблеяға үш айлық сәбиімен келуі лидерлер саммитінен есте қалғандар қатарында.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Бүгінгі бағдарламамызда лидерлер саммитінен есте қалғандар емес,  президент Режеп Тайып Ердоғанның әділетке шақыруына тоқталғым келеді.  Ердоған түрік-Ислам өркениетінің байырғы ұғымы болып саналатын «әділет шеңберін» еске салып, жаһандық деңгейдегі әділет олқылығына назар аударды.  Ердоған былай деді:

«Өркениетімізде «әділет шеңбері» деп аталатын қоғам, құқық, мемлекеттік басқару,  мемлекеттік күш, экономика және әділет арасындағы қатынастың ең дұрыс қалпында құрылып, атқарылуын негізге алатын бір шеңбер бар. Барлығы да бір бірімен байланысты осы шеңбердің бөлшектері бүгінгі күні көптеген жерде қиратылды.  Бүгінгі таңда әлеміміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрақсыздықтармен арпалысуының себебі де міне,  осы. Баршамыздың тыныш және сенімді болашағы үшін адам баласының әділет ізденісімен басталған күресін әділетті орнату арқылы аяқтауымыз керек.  Бүгін әлемдегі ең дәулетті 62 адамның байлығы әлем халқының шамамен жартысына, яғни 3,6 миллиард адамға дөп келетін болса, осы жерде проблема бар деген сөз» деді.

Құрметті Ердоғанның әділет туралы сөздерін жақсы түсіну үшін алдымен жақын кезеңде батыстағы жаһандық құндылықтар жөніндегі оқиғаларға қарау керек.  Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін адам құқықтары,  еркіндік, теңдік секілді ұғымдардың чемпионы атанған батыс елдері бүгін осы құндылықтардан жылдам алыстап барады. Батыстық елдерде босқындарға, мұсылмандарға қарсы жасалған әділетсіздіктер барған сайын қалыпты жағдайға айналып барады. Нәсілшіл партиялардың дауыстарын арттыруы және коалиция ретінде билікті бөлісуі мен шетелдіктерге бағытталған жек көрушілік енді мәселе ретінде қаралмай келеді.  Кейбір батыстық елдерде саяси партиялар тек босқындарға қарсы сөздерімен билікке келе алатын болды.  Еуропа Одағы елдері босқындар тақырыбына тек шекара қауіпсіздігі тұрсынан қарайды және осы мақсатпен бір армия қалыптастыруда.  Босқындар өздері тұратын елде қырылса немесе Түркия секілді адам баласының ұжданы атанған елдерде қалса, батыс үшін ешбір проблема қалмайтын болады. Бүгінгі таңда ғаламдық гуманитарлық құндылықтарды батысқа қарсы қорғауға қажеттілік туындаған бір әлемге айналдық.

Түркия тұрғысынан қарағанымызда, нанымымыздың да,  өркениетіміздің де,  тарихымыздың да ең негізгі құндылығы мен ұғымы – әділет.  Алдымен әділет керек,  себебі оның құрамында еркіндік те, теңдік те болады.  Ғасырлардан бері бізге жол көрсеткен, бүгін барлық сот залдарында жазулы тұрған «Әділет- мүліктің негізі» деген жазуда мүлік тек мал-мүлік деген мағынада емес, тәртіп, әкімшілік,  мемлекет деген мағынаға келеді.  Әділет мұқтаждығы біздің дәстүрде «әділет шеңбері» көзқарасымен пішінденген.  Әділет шеңбері әділетпен басталып,  әділетпен бітетін саяси,  әлеуметтік,  әскери,  қаржы, сауда-экономикалық бір тәртіптің ұжымдасқан түрі.

Жүсіп Хас Хаджибтің 1069 жылы жазылған Құтты білімінде,  Кыналызаде Али Эфендинің 1564 жылы жазылған Жоғары Ахлақ атты еңбегінде және түрік-Ислам дәстүрінің көптеген маңызды шығармасында әділет шеңбері туралы айтылған.  Дәстүріміздегі барлық нәрсенің іргетасының әділет екеніне,  әділет орнамаған жағдайда мемлекет пен тәртіп болмайтынына,  халықтың да бақытты болмайтынына байланысты наным,  көзқарас пен ұстаным әділет шеңбері деп аталады. Әділет шеңберінде әлем мен ел тәртібі әділетпен басталып,  әділетпен аяқталатын шеңберлер секілді суреттеледі. Әлемнің амандығы мен мемлекет тәртібін қамдайтын нәрсе бірінші шеңбердегі әділет.  Екінші шеңберде әлем қабырғасы мемлекет болып саналатын бір бау-бақшаға ұқсайды. Үшінші шеңберде мемлекетті реттейтін – құқық,  төртінші шеңберде билеуші болмастан құқықтың қорғалмайтыны айтылады.  Бесінші шеңберде билеушінің мемлекетті әскерсіз басқара алмайтыны атап көрсетіледі.  Шеңбердің кейінгі бөлімдерінде болса салық болмастан әскердің жиналмайтыны,  салықты да халықтың жинайтыны айтылады.  Шеңбердің соңғы бөлімінде де басында болғаны секілді әділет бар.  Себебі салық беру үшін белгілі бір мөлшерде табысқа ие болуы керек халықты билікке бағындыратын да әділет.  Шейх Едебалының «мемлекетті жасампаз қылу үшін адамды жасампаз қыл» деген сөзі адам-әділет-мемлекет қатынасының өзегі деп саналады.

Бүгінгі күні ғаламдық тәртіп таласқа айналған болса,  президент Ердоған жиі айтатындай Біріккен Ұлттар Ұйымы жедел түрде қайта реттелуі керек болса, ешбір жауапкершіліктері болмаса да,  жазықсыз адамдар ана құрлықтан мына құрлыққа көшіп жүрсе, бұл жүйе бұлай жалғаспауы керек. Амалсыздықтан ажал құшқан сәбилерден «қылмысыңыз не?» деп сұралса, жауабы адам баласы үшін ауыр болады.  Түркия президентінің әділет шеңберін көп айтуы бүкіл дүние жүзінде болып жатқан зұлымдықтардың астында езілмеуі үшін батысты да құтқаруды мақсат еткен бір шақыру. Себебі Ұлы Селчук уәзірі Низамүл Мүлік мың жыл бұрын көрсетіп кеткендей «Зұлымдықпен гүлдену болмайды»

 

 



Ұқсас жаңалықтар