Жаһандық перспектива - 44

Проф. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

1079151
Жаһандық перспектива - 44

20-ғасыр  - адам баласының басына көп қырғын келген бір ғасыр. Құрамында тарихтың ең қанды екі соғысы, тек адам баласын емес, түскен жеріндегі бүкіл жанды түрлерін де жойып жіберген атом бомбалары бар.

Әлемдік екі соғыстан кейін құрылған жүйе болған оқиғалардан дәріс шығарып,  соғыстарды ысырып тастайтын бейбітшілік және тыныштық жүйесі емес. Өз тұғырларын сақтап қалатын жеңімпаздар жүйесі. Халықаралық ақша бірлігі жүйесі және Америка долларын әлемнің валютасына айналдырған Bretton Woods   жүйесі, БҰҰ жүйесі -жеңімпаздар құрған тәптіпті жасампаз қылатын тәртіп.

Қырғи қабақ соғыс барысында жақсы жүрді деп айтуға болатын Bretton woods жүйесі де,  БҰҰ жүйесі де бүгін қирап жатыр.

Негізінде өзі бір коалиция болып саналатын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания,  Франция және Қытай арасындағы жаһандық күш таралымы өзгеруде. Екі полярлы әлем жүйесінің аяқталуымен жаһандық актерлер түрлі жаһандық комбинациялар және коалициялар арқылы қазіргі жүйені жалғастыруға тырысып бағуда. Әділеттен мақұрым жаһандық коалициялардың Иракта,  Ауғанстанда,  Босния және Герцоговинада,  Қырымда,  Сирияда, Араканда қалай құрылғанын,  қалай құрыла алмағанын немесе кеш құрылғанын бірге көрдік.

Қырғи қабақ соғыс дәуірінің жалғасы болып саналатын жаһандық жүйеге жаһандану процесімен барлық нәрсе ашық және анық болғандықтан күн сайын сындар артуда. Осы аяда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әрбір мүмкіндікте әлемнің бестен үлкен екенін атап көрсетуде. Жаһандық коммуникация мен компьютерлік технология жабық қоғамдар мен барлық әділетсіздіктерді жалғастырудың құнын да арттырып отыр.  Әртүрлі информацияға қолжетімділік мол және әділетсіздік анық көрінетін осындай жағдайда қырғи қабақ жүйесін жалғастыруға болмайды.

Бүгінгі күні «ескі жағдай» белгісіз бір кезеңнен өтіп жатырмыз.  Яғни ескі жағдайды жалғастырудың құны артып отыр.  Бірақ жаһандық актерлер тарихта бұрын соңды кездеспеген деңгейде тек адам баласын емес,  бүкіл жанды мақұлық түрлерін жоятын химиялық қаруларға ие. Бүгінгі таңда бұрыс саяси лидерлік бүкіл әлемнің болашағына қауіп төндіретінін анық байқап отырмыз.  Қырғи қабақ соғыс жүйесі қайта қаралып, бірақ жаңа жүйе құрылмаған бір атмосферада құрып кетудің жаңа қатерімен бетпе-бет қалмау үшін бүкіл адам баласына қауіп төндіретін осы қарулардан тазалану және қырғи қабақ соғыстан кейінгі тәртіптің бейбіт түрде келуі мақсатымен барлық салада әділет болуы керек. Себебі әділет те,  әділетсіздік те жұқпалы.

Жаһандық әділет үшін коалиция ізденістерін тек мемлекет деңгейінде жүргізбеу керек.  Әлем шындық үшін іздеу салған бір кезеңде өмірдің барлық саласында,  барлық деңгейде жаһандық әділет коалициялары мақсатында жұмыстану қажет. Ғалымдар,  іскерлер,  кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар, спорт әлемі,  мәдениет қайраткерлері,  студент одақтары барлығы өз арасында жаһандық әділет коалицияларының бір-бір бөлшегі болады.  Осы шеңберде алдымен бірбірлерін тану және ынтымақтастыққа бағытталған істерін арттырып,  артынан бірге қозғалуға талпыну керек. Бұрын қырғи қабақ соғыс кезеңінде плюрализм болмағандықтан, медиа саласында басқаша дауыс шығару көп мүмкін емес-тұғын.  Енді коммуникация мен технологиялар әлемнің барлық елдерінен, барлық саладан адамдар арасында ынтымақтастықты,  ұйымшылдықты мүмкін қылуда. Барлық елдерде шетелдік студенттер оқиды.  Іскерлер де жаһандық деңгейде қарым-қатынас құруда,  барлық салада осындай ізденістер болуы керек.

Қауіп өте жақын, қиратушы күші үлкен және жаһандық деңгейде.  Олай болса жергілікті деңгейде қалу арқылы жаһандық нәтиже ала алмаймыз. Мұсылман,  христиан,  еврей, атеист,  буддист, қай мақсатта,  қай нанымда болсақ та,  бізге таяп қалған рисктердің көлемін біле отырып,  жаһандық әділет үшін жұмыстанып,  болашақ үшін адамдық ұжданды ту етуіміз қажет.

Кей жағдайда осы мақсат орындалып та жатады.  Америка Құрама Штаттарының Иерусалимге байланысты бір жақты шешіміне қарсы барлық елдердің ұстанымы, аяусыз түрде өлтірілген журналист Хошогги оқиғасына әлем елдерінен келген реакция секілді оқиғалар адам баласының ортақ ұстанымының мүмкін екенін көрсетуде бізге үміт болды.

Сол секілді кейбір тақырыптарға байланысты әділет коалицияларын құруға да болады.  Иерусалим,  Аракан, Сирия,  адам құқықтары,  исламофобия,  жікшілдікке қарсы ынтымақтастық,  неонацизм,  фашизмге,  химиялық қарулануға қарсы біріккен позиция осыларға үлгі болады.

Барлық платформада жаһандық әділетсіздіктерді әшкерелеп,  бұған қарсы әділетті талап етуіміз қажет.  Қай діннен,  тілден,  нәсілден,  нанымнан,  идеологиядан болсақ  болайық, кімнен келсе келсін зұлымдықты кісендейтін жаһандық үстемдік орната алмасақ,  құлдыраудан аман қала алмаймыз. Себебі бір мемлекеттің,  бір қоғамның жалғыз өзі жаһандық шабуылдарды тоқтатуы мүмкін емес.

Бүгінгі күні жаңа бір жаһандық тәртіп құрылған жоқ.  Әлем қазір ағрафта тұрған секілді. Әділеттірек әлем үшін әлі де мүмкіндігіміз, уақытымыз бар. Әділет жолында басылатын барлық қадамды бірге басу үшін адам баласы бірге жұмыстануы қажет. Әйтпесе ертеңгі күні әділетсіз жаңа тәртіп бұрынғысындай қате қалыптасқанда немесе жаһандық актерлердің бірі адам баласын жоятын бомбаларды жарғанда кеш болуы мүмкін.

   



Ұқсас жаңалықтар