Еуропа мұсылман зиялылар конгресі

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

1087467
Еуропа мұсылман зиялылар конгресі

Өткен аптадағы бағдарламамызда «Еуропа Исламын» қолға алып, осы апта жалғастыратынымызды айтқан болатынбыз.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Еуропа Исламы шеңберінде батыстық кейбір жазушы және мемлекеттердің мәселеге өздері тұрғысынан қарайтынын және проблеманы қауіпсіздікпен байланыстырғанын айтып өткен едік. Өздері Ислам кеңесі деген атаумен ұйымдар қалыптастырып,  мәселелерін күн тәртібіне келтіруде. Негізінде осы және осыған ұқсас кеңестердің құрылымы, мүшелері және ортаға қойған көзқарастары көбіне мұсылмандар тарапынан қабылданған немесе проблема деп аталған факторлар болмауы мүмкін. Егер бұлай болатын болса мұсылмандардың өз мәселелеріне ие болуы, оны жақсы меңгеріп, дауыстап айтулары керек.

Батыс елдерінде өмір сүретін мұсылмандардың өз мәселелерін айту және шешу үшін жасауға болатын көптеген жұмыс бар. Мен осылардың арасынан маңызды деп есептелетін біріне – Мұсылман зиялылар конгресіне тоқталамын.

Жылдық конгрестер

Жаһандану үрдістері және империалистік мақсаттар ортаға шығарған құрбандықтар нәтижесінде адамдардың көші артты.  Осы үрдісте бұрын тек алыс елдерде таңғалдыратын фактор ретінде қабылданған алуан түрлі тұрмыс салты енді барлығы бір-бірімен бірге тұрып жатыр. Осы иықтасып өмір сүру белгілі мөлшерде үрей,  уайым мен наразылық туғызады.  Осындай орталарда көшпен келген азаматтардың өздерінің ой-пікірлерін жеткізе білуі әрі жағымсыз оқиғалардан қашқақтау,  әрі өздеріне деген үрейді азайту тұрғысынан өте пайдалы.

Осы шеңберде Еуропада өмір сүретін мұсылман зиялылар бір платформа қалыптастырып,  жылдық кезекті конгрестер ұйымдастыруына болады.  Осы конгрестер Париж, Лондон, Берлин, Брюссель секілді жыл сайын Еуропаның бір қаласында өткізілсе абзал. Конгрестерді мұсылмандардың өзіндік ой-пікірлерін жақсы жеткізе алуына пайдалы тақырыпта, сонымен бірге Еуропаның немесе адам баласының маңызды проблемалары тақырыбында өткізуге болады. Осындай шеңберде терроризм, нәсілшілдік,  Исламға дұшпандық, сөз бостандығы, білім беру,  отбасы,  жастар,  бірге өмір сүру, есірткі қолдану,  мектептердегі адам өлтірушіліктер, балалардың отбасындағы проблемалары секілді тақырыптар ойға оралады.

Конгрестерге мұсылман зиялылармен қоса,  тақырыпқа қатысы бар тұлғалар,  конгресс өткізілетін қалалардың әкімі,  муниципалитет төрағалары, сол келдің тақырыпқа қатысты мекемелері мен мемлекеттік өкілдері де қатысса, өте орынды болады. Осылайша конгрестердің мұсылмандардың арасындағы жабық жиын болмауы қамдалған болады.  Проблемалар бірдей болатын болса,  проблемаларға сол жерде бірге тұратын азаматтардың бірігіп шешім табуы жақсы нәтиже береді.

Конгрестің жыл сайын бір декларация жариялауы әрі қандай тақырыптарды проблема ретінде қабылдағанын көрсетуі, әрі өздері үшін шешімнің не екенін жеткізу арқылы жол көрсету тұрғысынан орынды болады.

Неге мұсылман зиялылар?

Осындай конгрестерді әрине мұсылман дін қайраткерлері,  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері,  бизнес,  мәдениет,  саясат қайраткерлері арасында да ұйымдастыруға болады.  Олар арасында да өткізілуі пайдалы болады.  Сонымен бірге  зиялылар бір қоғамда түрлі азаматтармен кездесіп, олармен тіл табыса алатын тұлғалар деп қабылданады.  Басқа жағынан конгрестерде талқыланатын тақырыптардың діни, әлеуметтік,  психологиялық, мемлекеттік, саяси, экономикалық көптеген жағы болады.  Сондықтан конгрестің зиялы тұлғалар арасында өтуі және төменгі отырыстарда дін қайраткерлеріне,  үкіметтік емес ұйым өкілдеріне,  бизнес,  мәдениет,  саясат қайраткерлеріне орын берілуі өте орынды болмақ.

Конргестің пайдасы

Мұсылман зиялылар,  тақырыпқа қатысты мемлекеттік қайраткерлер және ұйым өкілдері қатысатын осындай конгресс көптеген тұрғыдан жақсы нәтиже береді.

Мұсылман қоғамдары тұрғысынан: Еуропада өмір сүретін мұсылман зиялылар өкінішіке орай ортақ платформаларда жиі кездесе бермейді.  Көбіне аймақтық, ел көлеміндегі,  діни ұйымдар шеңберіндегі платформаларда бас қосады.  Еуропада проблемалар ортақ,  бірақ шешімдері көбіне басқаша әдет-ғұрыптар, ел тәжірибелері және жергілікті ұйымдар аясында ізделеді. Конргесс алдымен мұсылман зиялы қауым өкілдеріне өз проблемаларын егжей-тегжейлі талқылау мүмкіндігін береді.  Мұсылмандар көптеген елде түрлі идеологияда,  этникалық,  секталық жамағаттарда түрлі-түрлі жағдайда өмір сүреді.  Кейбіреулері өздерінің отандарындағы шешімдерді, әдет-ғұрыптарды Еуропаға, Америка Құрама Штаттарына, Австралияға сол қалпында көшіруге бейім. Осындай конгрестер проблемаларға ортақ көзқарас жетілдіру үшін мағыналы нәтиже береді деп айтуға болады.

Басқа жағынан қарағанда осындай конгресс немесе платформа мұсылмандар үшін сөз сөйлеу өкілеттін мойнына алатын тұлғалардың алға шығуына үлес қосады. Конгресс  басқа адамдардың емес, мұсылман зиялылардың өздері үшін ненің проблема екенін көрсетуі және шешім үшін нені ұсынатындарын анықтау мүмкіндігін беретіндіктен, өздері тысында шешім ізденістерін де бәсеңдетеді.

Қатысты ел тұрғысынан: елдерінде көптеген мұсылман қоғам өмір сүретін елдердің кейбірі түсіну, шешім іздеу ниетімен, кейбірі болса ассимиляция және манипулация жасау мақсатымен мұсылмандарға қатысты проблемаларды өз күн тәртіптеріне алуда.  Осындай конгреспен бірге мұсылмандардың келуімен басталған мүмкіндік және проблемаларды жақыннан танып,  игі ниетпен шешім тапқысы келетін елдерге де көмектеседі. Мұсылмандардың атынан біліп білместен проблема анықтап, олар қабылдамайтын шешім іздеу, дұрысын айтқанда күштеп таңу, тықпалау рефлекстеріне кедергі болады.

Өздері өмір сүрген қоғам тұрғысынан: өз тарихтары бойынша көп айырмашылығы бар қоғамдармен бірге өмір сүру тәжірибесі болмағандықтан батыстық елдерде мемлекеттік емес актерлер, үкіметтік емес ұйымдар, зиялылар,  жеке азаматтар мұсылман қоғамдарға әрине уайыммен қарайды. Үрей сезінеді. Мұсылман зиялы азаматтарының конгресс арқылы өздерін, көзқарастарын,  өзекті тақырыптарға деген пікірлерін ашып жеткізе алулары осы уайым мен үрейге жауап береді.  Өздеріне деген үрейге мұсылман зиялылары тікелей жауап бермесе,  осы уайымдарға басқа орталар міндетті түрде қате жауап береді.

Осындай конгрестер тек Еуропада емес,  мұсылмандар көшіп барған немесе мұсылмандар азшылық болып есептелетін барлық елдерде маңызды тәжірибе және ұғым қалыптастыруына болады.  Осы шеңберде Африка,  Балқан, Австрия секілді жерлерде де мұсылман зиялылары конгресін ұйымдастыруды ойластыру керек.  Америка Құрама Штаттарында болса толық болмаса да осындай кейбір конгрестер осыған ұқсас міндет атқарады және үлес қосып жатады.

 



Ұқсас жаңалықтар