Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2121959
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Соңғы аптада 38 террорист залалсыздандырылды» деген хабарға орын берген. Ұлттық қорғаныс министрлігінің баспасөз брифингінде соңғы аптада Ирак пен Сирияның солтүстігінде 38 террористтің залалсыздандырылғаны жарияланды. Осылайша 1 қаңтардан бері залалсыздандырылған лаңкестердің саны 646-ға жетті. Оның 268-і Ирактың солтүстігінде, 378-і Сирияның солтүстігінде.

Сабах газеті «Түркияның Газаға 8-ші гуманитарлық көмек кемесі жолға шықты» атты хабар жариялаған. Апат және Төтенше жағдайларды басқару басқармасы мен  Қорлар бас басқармасы бірлесіп дайындаған 8-ші гуманитарлық көмек кемесі Мерсин портынан Газа халқы үшін жолға шықты. Палестина халқына жәрдем кемесі арқылы барлығы 2 мың 960 тонна көмек жіберілді.

Хүрриет газеті «Түркия АҚШ-тың ең үлкен артиллериялық снаряд экспорттаушысы болды» деген хабарға орын берген. Қару-жарақ пен оқ-дәрі өндіруде әлемде көшбасшы елге айналған Түркия АҚШ-қа артиллериялық снарядтарды экспорттаушы ел болды. АҚШ армиясына қажетті мыңдаған 155 мм калибрлі артиллериялық снарядтарды Түркиядан сатып алуда.

Йени Шафак газеті «Стресті өлшейтін жинақ 20-дан астам елге экспортталады» атты хабар жариялаған. Анкара Билкент қалалық ауруханасының биохимия зертханасының үйлестірушісі, профессор доктор Өзжан Эрел әзірлеген денедегі химиялық стрессті өлшейтін отандық зерттеу жинағы әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады.

Хабер Түрік газеті «Миллиардерлер қаласы Стамбул Еуропаның алғашқы бестігінде» деген хабарға орын берген. Орталығы Қытайда болған  «Hurun Report» экономикалық платформасының «Жаһандық байлар тізімі» деректеріне сәйкес, әлемдегі ең көп долларлық миллиардерлер Нью-Йорк пен Лондонда тұрады. Түркияның Стамбул қаласы болса,  әлемдегі ең үздік 25 тізіміне енді және  Еуропадағы алғашқы бестіктің қатарында.

 

 



Ұқсас жаңалықтар