Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2123089
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Түркияда жергілікті сайлау нәтижелері жарияланды» деген хабарға орын берген. Түркияда жергілікті әкімдерді сайлау үшін кеше өткен сайлаудан кейін сайлау жәшіктерінің барлығы дерлік ашылды.

Қорытынды емес нәтижелерге қарағанда  Түркия бойынша

-Әділет және даму партиясы : 35,4 пайыз

-Республикалық Халық партиясы : 37,7 пайыз дауыс жинады.

Үш ірі қаладағы кандидаттардың алған дауыс  көрсеткіші төмендегідей:

СТАМБУЛ

(Әділет және даму партиясы ) МҰРАТ ҚҰРЫМ: 39,5 пайыз.

(Республикалық Халық партиясы) ЭКРЕМ ИМАМОҒЛҰ: 51 пайыз.

АНАКАРА

(Әділет және даму партиясы) ТҰРҒҰТ АЛТЫНОК: 31,3 пайыз.

(Республикалық Халық партиясы) МАНСУР ЯВАШ: 60,9 пайыз.

ИЗМИР

(Әділет және даму партиясы) ХАМЗА ДАҒ: 37 пайыз.

(Республикалық Халық партиясы) ДЖЕМИЛ ТҰГАЙ : 48,9 пайыз.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше өткен жергілікті сайлау нәтижелеріне қатысты  «Бұл сайлаудың жеңімпазы – біздің демократиямыз, ұлттық ерік-жігеріміз» деді.

Стар газеті «Ердоған Реисимен сөйлесті» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Ибрахим Реисимен телефон арқылы сөйлесті. Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының  әлеуметтік медиа аккаунтынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барасында Түркия мен Иран арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, Израильдің Палестина жерлеріне жасаған шабуылдары және аймақтағы гуманитарлық жағдай талқыланды.

Стар газеті «Министр Фидан Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрімен сөйлесті» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Файсал ибн-Фарханмен телефон арқылы сөйлесті. Газа секторындағы соңғы жағдай мен дағдарысқа байланысты құрылған «Байланыс тобының» жұмыстарын талқыланған әңгіме барысында өзара қарым-қатынастар мен аймақтық оқиғалар да күн тәртібіне келді.

Ватан газеті «Түркияның отандық автокөлігі «TOGG» жаңартылады» атты хабар жариялаған. Түркияның отандық автокөлігі «TOGG» жаңартылады. «TOGG»-тың әлеуметтік медиа аккаунтында жасалған мәлімдемеде «Біз пайдаланушыларымызға бет тану технологиясынан байытылған айналмалы қашықтан басқаруға, кондиционерді жоспарлаушыдан 360 камералық еденді бейнелеу технологиясына дейін көптеген жаңашылдықтар әкелеміз» делінген.

Хүрриет газеті  «Круиздік туризм  жылды рекордпен бастады» деген хабарға орын берген. Круиздік туризмде алғаш рет қаңтар және ақпан айларында Түркияға 23 круиздік кеме келді. Сегіз портта аялдаған  круиздік кемелерде 23 мың 47 жолаушы болған.



Ұқсас жаңалықтар