Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2123587
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Сайлаушының Әділет және даму партиясына хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 31 наурыз күні өткен жергілікті сайлауда таңқаларлық бір нәтиже шықты. 2002 жылдан бастап барлық сайлауда жеңіске жеткен Әділет және даму партиясы (АК партия) алғаш рет сәтсіздікке ұшырады. Осында қымбатшылық пен зейнеткерлік жалақысының көтерілуін жеткіліксіздігі тиімді болды. Кейбір сайлаушылар дауыс беруден бас тартты.

Ватан газеті «Вице-президент Джевдет Йылмаз: Инфляциямен күрес басты басымдығымыз» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Вице-президент Жевдет Йылмаз «Биылғы жылдың екінші жартысынан бастап инфляциямен күресіміздің нәтижелерін анық түрде көре бастаймыз. Осылайша жалақының өсуін уақыт өте келе құнсыздануының алдын аламыз және әл-ауқаттың тұрақты өсуін қамтамасыз етеміз» деді.

Сабах газеті «Түркияға капитал ағыны басталады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда АҚШ-тық инвестиция банкі «Goldman Sachs»-тың экономистері Түркияда өткен жергілікті сайлаудың артынан түрік лирасымен байланысты мәлімдеме жасады. «Goldman Sachs» экономистері сайлаудың өтуінің артынан артып отырған капитал ағымдарымен түрік лирасының өткен айлармен салыстырғанда одан жақсы жұмыс істеуін күтуде.

Стар газеті «BIST 100 әлемдік индекстерді артта қалдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Биржа Стамбулда «BIST 100» индексі наурыз айында 0,56 пайыз төмендеп, 9 142,40 ұпаймен аяқтағанына қарамастан жылдың бірінші тоқсанында 22,39 пайыздық өсіммен жаһандық акция нарықтарын артта қалдырды.

Хабер түрік газеті «Түркияның «Шифа» ауруханасы туралы мәлімдемесі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда ТР Сыртқы істер министрлігінен Газа секторындағы «Шифа» ауруханасынан алынған көріністермен байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «Израильдің Палестина халқын қасақана және жүйелі түрде жоюды мақсат етуінің айқын дәлелі екенін көрсетеді. Израиль билігі соңғы 6 айда жасаған қылмыстар адамзат тарихындағы ең үлкен жауыздықтар қатарында орнын алады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар