Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2130620
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті Сыртқы істер министрінің Палестина жөніндегі сөздеріне орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше Мавритания Сыртқы істер министрі Мұхаммед Салим Вилд Мерзукпен өткізген ортақ баспасөз мәслихатында «Біздің күш-жігеріміз 1967 жылғы шекараларға негізделген тәуелсіз, егемен Палестина мемлекеті құрылғанға дейін үздіксіз жалғасады» деді.

Стар газеті  түрік қорғаныс өнеркәсібіне мақтау туралы хабарға орын берген. Оңтүстік Кореяның Түркиядағы жаңа елшісі Чон Ёнду елі мен Түркияның қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығына тоқталып, «Түркия қорғаныс саласын дамыту барысында ұшқышсыз ұшатын аппараттар, ұшқышсыз теңіз көліктері және заманауи соғыс ұшақтары сияқты маңызды табыстарға қол жеткізді, біз де болашақта екі ел арасында қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін жетілдіреміз деп ойлаймын» деді.

Сабах газеті «Түрік дәрігерлері ауған балаларына үміт берді» деген хабар жариялаған. Түркияның әртүрлі қалаларынан Ауғанстанға аттанған 12 адамнан тұратын ерікті медициналық топ ел астанасы Кабулдағы Ататүрік атындағы балалар ауруханасында жұмысын бастады. Түрік дәрігерлері ауған балаларына үміт сыйлайды.

Хабер Түрік газеті туризм хабарына орын берген. Айдынның Кушадасы ауданында круиздік туризмдегі белсенділік өңір залқын қуантты. Өткен жылы 531 круизбен 785 мың жолаушыны қабылдаған қала 2024 жылы 625 круизбен теңіз арқылы 1 миллионнан астам турист қабылдайды деп жоспарланды.

Ватан газеті спорт саласынан бір хабарға орын берген. Түрік теннисші Айла Ақсу Италияда өткен «W35 Санта Маргерита ди Пула» турнирінде чемпион атанды. Жартылай финалда итальян Беатрис Риччиден басым түскен Айланың финалдағы қарсыласы чех Люси Хавликова жарыстан шығып қалды. Осылайша түрік теннисші мансабындағы ең маңызды жеңіске жетті.



Ұқсас жаңалықтар